Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада олимпиада чемпионы Рафаэль Надаль көрнекі матч өткізеді

Астанада 25 қыркүйекте Ұлттық теннис орталығында әлемдік теннисте аты аңызға айналған, заманның ұлы ойыншыларының бірі, Үлкен Шлем ойындарының жеке топтық кезеңдерінің 14 дүркін жеңімпазы, Олимпиада чемпионы Рафаэль Надальдің қатысуымен көрнекі матч өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда тұңғыш рет Рафаэль Надаль француз теннисшісі, әлемнің ең мықты ТОП-10-дыққа кіретін Жо-Вильфрида Тсонгаға қарсы көрнекі матч өткізеді.

Атақты теннисшілердің сапары тек көрнекі матчпен шектелмейді. Надаль мен Тсонга «Team Kazakhstan» академиясының қазақстандық талантты жас теннисші-тәрбиеленушілеріне мастер-класс өткізіп, Назарбаев Университетінің студенттері мен «Хейлибэри» халықаралық мектебінің оқушыларымен кездесіп, автограф-сессия кезінде өз жанкүйерлерімен әңгімелеседі.

Қазақстанның теннис федерациясынан хабарлағандай, бұл сапар біздің жас теннисшілерімізге әлемдік деңгейдегі мықтыларды көріп, үлгі тұтып, сабақ алып, қуаттануға үлкен мүмкіндік береді.

Басты сөздер: ҚоғамСпортАстана
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
258

Осы тақырып бойынша

Астанада олимпиада чемпионы Рафаэль Надаль көрнекі матч өткізеді - Yvision.kz