Кеден құжаты қазақ тіліне көшті
Павлодар облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде мемлекеттік тілдің мәселесіне әрдайым көңіл бөлініп отырады. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін департамент тарапынан көптеген маңызды шаралар атқарылады. Атап айтқанда, Тіл туралы Заң талаптарын қалтқысыз орындау, құжаттар айналымының мемлекеттік тілдегі үлесін арттыру департаментте жүйелі жолға қойылған.
Мәселен, 2014 жылдың ағымдағы қорытындыларын қарайтын болсақ, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 98 пайызға жетті. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш. Құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу, қазақ тіліне аудару сынды жұмыстарды атқару қызметшілерге жүктелген. Олардың сапасын тексеріп, әдістемелік көмектер көрсетіп отыру міндетін сарапшы маман жүзеге асырады. Мекеме қызметкерлері қазақ тілін білу деңгейін дамытып, шыңдап отыру үшін тіл үйрету курстарына қатысып, біліктіліктерін жоғарылатып отырады. Бұл үшін мемлекет тарапынан арнайы қаражат бөлініп, қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекетттік тілді тек қана құжат айналымында ғана емес, қызмет бабында қолдануға да көңіл бөлінеді. Департамент қызметшілері қазақ тілінің тұғырын биіктету үшін өздері атсалысып, ықылас танытып отырады. Бірнеше жылдардан бері қалыптасқан жақсы дәстүрлердің бірі ол мерекелік шаралардың да мемлекеттік тілде өтуі. Бұл дәстүрімізді алдағы уақытта да жалғастырып, дамыта беретін боламыз. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
