Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі: «Сөзді алып таста» деген жоқпын

– Тараз қаласының кіреберісіндегі қақпада жазылған Фирдоусидің: «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» деген сөзін алғызып тастаймын деп абыройсыз қалған жоқсыз ба? Айтыскер ақынның желік сөзіне құлақ аспай тұрып, облыстағы мәдениет майталмандарымен неге ақылдаспадыңыз?
Жауабы:
«Мен ол сөзді алып таста деген жоқпын! Тек «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» деген жазуды махаббат аллеясына көшіруге қала әкіміне тапсырма бердім. Әуелде батыс қақпадағы маңдайшаға Тараздың тарихын жазып қойса деген ұсыныс болған. Тіпті сол ұсыныс ақындар айтысынан бұрын айтылған. Содан соң бізде айтыс өтіп, шымкенттік бір ақынымыз осы мәселені қозғады. Жалпы, менің облыстағы осындай қақпаларда, маңдайшаларда тұрған жазулардың барлығын тексеруге пәрмен бергенім рас. Сол себептен батыс қақпадағы біраз сөз алынып тасталды. Ал кейбіреулер бұл ісімізді ақындар айтысымен ғана байланыстырып, қазір соның төңірегінде көп әңгіме айтылуда». (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
