Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлихан Бөкейхан – қазақ ұлтшылдығының саяси көсемі

Әлихан Бөкейхан – қазақ ұлтшылдығының саяси көсемі

alt

Аса құрметті оқырман!

Әр жылы Желтоқсан ай басталысымен Алаш арыстарының айтулы даталары да басталады. Желтоқсанның 1 -30 аралығы қазақ тарихында алтын әріпетрмен жазылған.  Айтулы шаралар мен жиналыстар, тәуелсіздіктің рухы аспандаған Желтоқсан -Алаш-тың ,  Алаш рухының айы! Біз осы айтулы даталарға орай Алаш сериясымен тарихи сараптамалар мен жылнамаларды жарялауды жөн көріп отырмыз!

     

Ербол Ердембекұлы Тілешов

Астана қаласы Тілдерді дамыту

басқармасының басшысы

Қазақтың ел мен жер турасындағы сан ғасырлық аңсары ХХ ғасырдың басында ұлтшылдық санаға ұласты. Қазақ ұлтшылдығының дәл осы кезеңде қалыптасуында, саяси және рухани идеологияға айналуында бірнеше себептер жатты.Біріншіден, аталған кезеңде қазақ зиялыларының үлкен шоғыры қалыптасты. Оның басында Ресейдегі саяси-қоғамдық жағдайлармен жақсы таныс, көшбасшылық қабілеті жоғары, қазақтың теңдігі мен бостандығын саяси жолмен ғана шешуге болатындығын терең түсінген Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхан және рухани мәдениетіміздің ең белсенді тұлғасына айналған, жаңа ағартушылық дәуірді бастаған Ахмет Байтұрсынұлы тұрды. Екіншіден, Ресейдің ішіндегі саяси-қоғамдық ахуал орыс патшалығындағы халықтардың бостандық пен теңдік үшін саяси күреске шығуына кезеңдік мүмкіндіктер тудырды. Үшіншіден, қазақ тарихының даму логикасы ұлтшылдық идеясының осы кезеңде туып, өрістеуін қалады. «Алаш» сөзінің халықтың шығу тегіне, төркініне қарай ғана емес, халықты біріктірерлік қуатты ұғымға, дәуірлік ұранға айналуы да осы кезеңнің жемісі. Дәл осы кезеңде «ұлт» сөзі белсенді лексикамызға енді. Ендеше, қазақ ұлтшылдығы жөнінде айтқанымызда, біз оның осы ұғымға сай кең мағына берерлік сипатын, мазмұнын ХХ ғасырдың бастапқы жылдарымен тікелей байланыстырамыз. Осы аталған үш негізгі себептің дәуірлік идеологияға айналуында, әлбетте, отаршылдық саясаттың қысымы жатыр. Оны Алаш қайраткерлері Әлихан да, Ахмет те, Міржақып та атап өткен. Яғни, әлемдегі отаршылдық тәжірибесі көрсеткендей, қазақтың да ұлтшылдығын өршіткен отаршылдық саясат, отаршыл үкімет. Сондықтан, Әлекеңдер тұтас қоғамдық ойға, рухани пікірге, кейінірек идеологияға айналдырған қазақ ұлтшылдығы – басқа халықтардан үстемдікке, артықшылыққа құрылған ұлтшылдық емес, ол туған халқының нақты жағдайынан, атап айтқанда, отаршылдық езгісінен теңдік пен бостандыққа ұмтылуға, есесі кеткен, еңсесі түскен қазақты жұрт қатарлы ел етуге бағытталған болуға тиісті табиғи, саяси һәм рухани күрес болатын. Осы күресті бүгінгі тарихнамамызда «Алаш қозғалысы» деп атап жүрміз. Тарихымыздағы осы ең ірі, ең мақсатты қозғалыс қазіргі кезде зерттелініп, қоғамдық санадан берік орын алып ең жарқын, ең айбынды, ең жемісті кезең ретінде бағалана бастады. Әлбетте, қазақтың белсенді саяси күреске түсуінің алғашқы үлгісі, тұңғыш тәжірибесі болған, үш жүздің баласын басты мұрат жолына ұйыстырған, ұлттың рухани өрлеуінің белесті кезеңіне айналған осы қозғалыс тәуелсіздігіне «тәубе» деп жатқан бүгінгі қай қазақ үшін де, осы егемендіктің жемісін татар, табысына тамсанар болашақ қазақ баласы үшін де тағылым мектебі, өнеге университеті болмақ. Сондықтан, Алаш қозғалысын зерттеу, зерделеу, санада қорыту қазақтың бақыты мен баяндылығының үлкен кепілі. Осыны ұғынған сайын біз ұлттық абырой мен намыстың не екенін, азаттықтың тым қымбат екендігін, ел болып тұрудың, ұлт болып сақталудың аманат екенін жақсы түсінбекпіз. (жалғасы мұнда: mtdi.kz).

 
-1
0
629

Осы тақырып бойынша