Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ тілі Қазақстанда біреудің ашуын қоздырса, бұл қазақтың проблемасы емес!

Қазақ Қазақстанда қазақпен де, шүршітпен де өзінің ана тілінде сөйледі! Бұл талқылауға жатпайтын ереже. Бүгін интернет басылымдарда Ақтөбедегі тілге қатысты жанжал туралы материал жарияланды. Оралбек бей Өтеғұлов есімді Ақтөбе тұрғыны өзі куә болған жайтты жазыпты. Тұтынушы, өзге ұлт өкілі, қызына қазақ тілінде сөйлегені үшін қызмет көрсетушіні түтіп жепті.      Фотосуреттегі жанжалшы әйел соның өзі. Ақтөбеліктер, бәлкім, танып қалатын шығар.
Автордың жазбасын өз блогымда сол күйінде жариялағым келіп отыр.
Және де мынадай ұсыныс: осы оқиғадан кейін қоғамдық орындарда өзіміз бастап қазақша сөйлесейік! Оны дағдыға айналдыру керек. Қазақша сөйлейтін тұтынушы да, қызмет көретушілер де көп болса, қазақшаны ұнатпайтын азаматтардың мойындамасқа амалы қалмайды. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
648

Осы тақырып бойынша

Қазақ тілі Қазақстанда біреудің ашуын қоздырса, бұл қазақтың проблемасы емес! - Yvision.kz