Мазмұнға өту

Жаңа

Шығыс Қазақстан ОТД жылдың аяғына дейін «0 теңгеге қоңыраулар!» акциясының өткізу уақытын ұзартады

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатын "0 теңгеге қоңыраулар!" акциясын өткізу туралы хабардар етеді.

Акция шарттарына сәйкес барлық абоненттер техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда телефонды тегін қоса алады және «Сенің Қазақстаның» топтамасы арқылы жалпы Қазақстан бойынша 2 күнтізбелік ай бойы лимитсіз қалааралық сөйлесулер ұсынылады. Телефон қызметін қосқаннан кейін абоненттерде техникалық мүмкіндік болған жағдайда «iD NET»/«Megaline» және «iD TV» цифрлы теледидар қызметтеріне қосылу мүмкіндігі пайда болады.

Қосымша ақпаратты алу үшін «Қазақтелеком» АҚ жақын маңдағы сервис желі пунктіне келуге немесе 160 нөміріне хабарласуға болады.

0
0
300

«Шығыс Қазақстан ОТД „Әмбебап нөмір“ топтамасын ұсынады»

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы Өскемен және Семей қалаларындағы жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін бекітілген және ұтқыр байланыс қызметтері кіретін «Әмбебап нөмір» қызметтер топтамасын ұсынады. «Қазақтелеком» АҚ өзінің еншіліс «Алтел» АҚ-ның біріккен өнімі бір sim-картада виртуалды қалалық және ұялы – 2 сәйкес нөмірді біріктірді. Бұл топтама аясында абоненттерге келесілер ұсынылады: Қазақстан Республикасы бойынша қала нөмірлеріне күн сайын тегін 180 минут және «Алтел» желісі ішінде ұялы нөмірлерге күн сайын 180 минут тегін қоңыраулар + «Алтел» желісі ішінде күн сайын 200 sms + 500 Мб/айына 4G ұтқыр интернеті. Қызмет тегін қосылады. Бұдан басқа, абонентке www.idport.kz жеке кабинеті арқылы есептеулерді бақылау мүмкіндігі ұсынылады. «Әмбебап нөмір» топтамасы үшін…

0
0
773

Сүтті сиырлар асырайтын ауыл

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2010 жылы бұл елді мекенде мал өсірумен айналысатын шаруашылық ашылды.

Ақмола облысы Зеренді ауданынына қарасты Ермаковка ауылының кезінде тұрмысы тоқырап, халқы жан-жаққа үдере көшті.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2010 жылы бұл елді мекенде мал өсірумен айналысатын шаруашылық ашылды. Содан бері ауыл халқының жағдайы жақсарып келеді.

Кеңес үкіметі жылдары бұл «совхоз» шошқа асырайтын. Тәуелсіздік алған жылдары Кеңестік кәсіп құрдымға кетіп, игерусіз жатқан бұл аумақ төрт жыл бұрын жергілікті тұрғынның меншігіне өткен.

Қоралар қайтадан малға толып, шошқалардың орнын енді Ресейден әкелінген сүтті сиырлар алмастырды.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

0
0
417

Бүгін «Қазақстан Республикасында балаларға арналған мейірімді әділ соттың дамуы» тақырыбында халықаралық конференция өтті

Бүгін Астана қаласындағы «Marriott» қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасында балаларға арналған мейірімді әділ соттың дамуы» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Бұл шара БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын Қазақстанның ратификациялауының 20 жылдығына орай өткізілді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/bugin-kazakstan-respublikasynda-balalarga-arnalgan-meyirimdi-dil-sottyn-damuy-takyrybynda

0
0
428

Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді

Қараша айының 3-і мен 7-і аралығында Шымкентте ұлттық спорттан Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді. Спортшылар турнир аясында көкпардан 12-ші, аударыспақтан 4-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан жарыстарға қатысады.

Биыл жарысқа барлығы 6 команда қатысуға ниет білдіріп отыр.

Турнирдің тұрақты қатысушылары қырғыз ағайындар биыл өздерінде өтетін жарыстарға байланысты келе алмайтын болды. Ал Өзбекстан спортшылары жарысқа сақадай-сай, тиісті құжаттар реттелген соң жарыстан бірнеше күн бұрын шымқалаға ат басын тірейді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
370

«Дарабоз дәстүр» жыр мүшәйрасы жарияланды

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Тәуелсіздік күні қарсаңында 2014 жылғы ұлттық спорттың үздіктерін марапаттауға арналған «Алтын тұғыр» шарасын өткізеді. Аталған іс-шара аясында жас ақындар арасында ұлттық спортты насихаттайтын мүшәйра ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды аталмыш қауымдастықтың баспасөз қызметінен. Мүшәйраға жасы 35-ке дейінгі жазба ақындар қатыса алады. Ақындар онда ұлттық спорттың кез келген түрін сипаттаған, яғни, бәйге, аударыспақ, көкпар, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату, асық ату, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар жайлы бұрын ешқайда жарияланбаған жырларын ұсына алады. Байқаудың мақсаты — ұлттық спорт түрлерін насихаттау арқылы жастардың дәстүрлі өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухты биіктету, жастардың поэзияға деген құштарлығын ар…

0
0
474

«Сіздер „Дүкен“ десе, бұл жігітті киоскі екен деп қалмаңдар, бұл – Рамстор!»

"Сіздер "Дүкен" десе, бұл жігітті киоскі екен деп қалмаңдар, бұл – Рамстор!" Мына арада менің есімім туралы сөз болып қалған екен, негізі менің азан шақырып қойған атым – Дулат екен. Бірақ ата-анам кішкентай күнімнен еркелетіп "ДУкен" деп атап кетіпті. Сонымен Қытайда "ДУкен Мәсімхан" болып жүрдік.1993 жылы Қазақстанға келгеннен бастап "Дүкен" боп кеттім. Газет-журналға атымды "Дукен"деп жазып берем, бірақ "Дүкен" боп шыға келем. Түзете-түзете, айтыса-айтыса, кейін тіпті шаршадым. Азан шақырып қойған ныспымды қайтарып алайын десем, Қытайға барып анықтама әкеліп, мұндағы құқық қорғау органдарымен соттасып, одан соң қолымдағы маған қатысты құжаттың бәрін өзгертуім керек екен... Ол қадамға да барар едік, алайда Шығыс Түркістан кезеңіндегі әдебиеттен кандидаттық диссертация қорғауыма және қаз…

0
0
644

Ауыр атлетикадан ҚР чемпионатында қызылордалықтар 9 жүлде олжалады

Семей қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жеті күнге созылған жарыста 300-ге жуық зілтеміршілер кімнің мықты екенін анықтады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова хабарлайды. Аталмыш бәсекеден Қызылорда облысының құрама командасы 200 ұпаймен командалық есепте жеңімпаз атанды. 189 ұпаймен Қарағанды облысы екінші орынды иеленсе, 170 ұпаймен Алматы қаласы үшінші орынды еншіледі. Жарыс қорытындысы бойынша 62 келі салмақ дәрежесінде Арыстанбек Жақанша чемпион атанды. Ол жұлқа көтеруде 95, серпе көтеруде 121, қоссайыста 216 келіні бағындырды. 85 келіде Мейіржан Молдағали алтын жүлдені иеленді ( жұлқа көтеруде 125, серпе көтеруде 157, қоссайыста 282 келі). Мейіржа…

0
0
273

Головкин НВО нұсқасы бойынша үздік боксшылар бестігіне енді

НВО Boxing салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар бестігінің өз нұсқасын жариялады. Бұл туралы GGG-нің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

Америкалық телеарнаның пайымынша, бұл тізімде америкалық Флойд Мейвезер көш басында.

Қазақстандық Геннадий Головкин төртінші орынға жайғасты.

Қазақстандық жұлдыз Геннадий Головкин төртінші орынға жайғасқан:

1. Флойд Мейвезер (АҚШ)

2. Андре Уорд (АҚШ)

3. Мэнни Пакьяо (Филиппины)

4. Геннадий Головкин (Қазақстан)

5. Роман Гонсалес (Никарагуа).

   
Басты сөздер: СпортӘлем
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
270

Мәскеуде өткен дәстүрлі турнирде екі боксшымыз ресейлік қарсыластарын нокаутқа түсіріп, алтын медаль алды

Қызылордалық боксшылар Мәскеуде өткен Ұлы Отан соғысындағы жеңісімізге арналған дәстүрлі жарыста жақсы ойын өрнегін көрсетті. Ресей Федерациясының астанасында біздің спортшыларымыз 2 алтын 2 күміс алды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық әкімдігінің сайты. Турнирге Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь елдерінен барлығы 15 команда қатысқан. Қазақстаннан Қызылордалық боксшылар барлығы 6 спортшы қатысты. Оның екеуі ұлттық құраманың сапындағы боксшылар. Олар: 75 кг салмақ дәрежесінде Рустам Сыбаев пен 91 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Қамшыбек Қонқабаев. Сонымен қатар, құрамада Бағдат Уайдаев — 60 кг және 52 салмақ дәрежесінде ойын көрсеткен Баққожа Инатуллаев бар. Бұдан басқа 49 кг салмақта Дәулет Дәуітов пен 91 кг салмақта Темірлан Өтегендер де бар. Турнир қорытындысы бойынша Рустам С…

0
0
398