Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сіздер „Дүкен“ десе, бұл жігітті киоскі екен деп қалмаңдар, бұл – Рамстор!»

"Сіздер "Дүкен" десе, бұл жігітті киоскі екен деп қалмаңдар, бұл – Рамстор!"

Дүкен Мәсімханұлы

Мына арада менің есімім туралы сөз болып қалған екен, негізі менің азан шақырып қойған атым – Дулат екен. Бірақ ата-анам кішкентай күнімнен еркелетіп "ДУкен" деп атап кетіпті. Сонымен Қытайда "ДУкен Мәсімхан" болып жүрдік.

1993 жылы Қазақстанға келгеннен бастап "Дүкен" боп кеттім. Газет-журналға атымды "Дукен"деп жазып берем, бірақ "Дүкен" боп шыға келем. Түзете-түзете, айтыса-айтыса, кейін тіпті шаршадым. Азан шақырып қойған ныспымды қайтарып алайын десем, Қытайға барып анықтама әкеліп, мұндағы құқық қорғау органдарымен соттасып, одан соң қолымдағы маған қатысты құжаттың бәрін өзгертуім керек екен... Ол қадамға да барар едік, алайда Шығыс Түркістан кезеңіндегі әдебиеттен кандидаттық диссертация қорғауыма және қазақстандық БАҚ-та арғы беттегі ағайындардың саяси-әлеуметтік жағдайы туралы жиі-жиі ашына жазып-айтқаныма байланысты, 1994-2008 жылдар аралығында туған өлкеме бару мүмкіндігінен мақұрым етілдім.


2008 жылдан кейін жалпы ҚХР-ға, оның ішінде Шынжаңға Қазақстаннан қауіп жоқ екенін білген соң ғана, Қытай үкіметі менің туған жеріме аман-есен барып-келуіме кепілдік берді. Бұл кезде есімім туралы ол елден "анықтама" әкеліп, бұндағы мекемелермен соттасып жатудың қажеті қалмаған еді. Өйткені бұл кезде Қазақ еліне "Дүкен" деген атпен азды-көпті танылып қалдық, бала-шағамның бәрінің әкесінің аты "Дүкен" болып кетті. Толып жатқан құжаттарға, дипломдарға, марапаттарға "Дүкен Мәсімханұлы" болып жазылып кетті... Сонымен "бопты!" дедік те қойдық. "Дүкен" деген ныспы жалғыз менде ғана емес қой, керек болса қазақтың ұлы қобызшысы, сазгері Ықыластың әкесінің аты да "Дүкен" екен... Оның үстіне, мына постта менің бауырларым айтып жүрген әзілдің ең алғашқы авторы қазақтың ұлы перзенті, ғұлама ғалым З.Қабдолов болатын. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
636

Осы тақырып бойынша

«Сіздер „Дүкен“ десе, бұл жігітті киоскі екен деп қалмаңдар, бұл – Рамстор!» - Yvision.kz