Шығыс Қазақстан ОТД жылдың аяғына дейін «0 теңгеге қоңыраулар!» акциясының өткізу уақытын ұзартады
Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатын "0 теңгеге қоңыраулар!" акциясын өткізу туралы хабардар етеді.
Акция шарттарына сәйкес барлық абоненттер техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда телефонды тегін қоса алады және «Сенің Қазақстаның» топтамасы арқылы жалпы Қазақстан бойынша 2 күнтізбелік ай бойы лимитсіз қалааралық сөйлесулер ұсынылады. Телефон қызметін қосқаннан кейін абоненттерде техникалық мүмкіндік болған жағдайда «iD NET»/«Megaline» және «iD TV» цифрлы теледидар қызметтеріне қосылу мүмкіндігі пайда болады.

Қосымша ақпаратты алу үшін «Қазақтелеком» АҚ жақын маңдағы сервис желі пунктіне келуге немесе 160 нөміріне хабарласуға болады.
