Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыр атлетикадан ҚР чемпионатында қызылордалықтар 9 жүлде олжалады

Семей қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында  Қазақстан  Республикасының чемпионаты аяқталды.

Жеті күнге созылған жарыста 300-ге жуық зілтеміршілер кімнің мықты екенін анықтады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова хабарлайды.

Аталмыш бәсекеден Қызылорда облысының құрама командасы 200 ұпаймен командалық есепте жеңімпаз атанды. 189 ұпаймен Қарағанды облысы екінші орынды иеленсе, 170 ұпаймен Алматы қаласы үшінші орынды еншіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша 62 келі салмақ дәрежесінде  Арыстанбек Жақанша чемпион атанды. Ол жұлқа көтеруде 95, серпе көтеруде 121, қоссайыста 216 келіні бағындырды.  85 келіде Мейіржан Молдағали алтын  жүлдені иеленді ( жұлқа көтеруде 125, серпе көтеруде 157, қоссайыста 282 келі). Мейіржан Қызылорда индустриялық-техникалық колледжінің 1-курс студенті.

48 келіде шиелілік Айсамал Сансызбаева, 56 келіде Айдос Тұрсынбай (М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 1-курс студенті), 69 келіде Әділ Дөңсебай, 94 келіде Марлен Жұмәділ (үшеуі де №1ОМБЖОРМ) күміс жүлдені олжалады.

50 келіде Ерасыл Ергенбай (спорт интернат), 62 келіде Серікбол Аманжол (№1ОМБЖОРМ, Болашақ колледжінің 1-курс студенті) және 77 келіде Нұрбол Сағыбаев (спорт интернат) қола жүлдеге ие болды.

Жеңімпаз атанған  спортшылар үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Доха қаласында (Катар) өтетін  Азия чемпионатына  бармақ.

   
Басты сөздер: СпортҚызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
 
0
0
265

Осы тақырып бойынша

Ауыр атлетикадан ҚР чемпионатында қызылордалықтар 9 жүлде олжалады - Yvision.kz