Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді

Қараша айының 3-і мен 7-і аралығында Шымкентте ұлттық спорттан Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді. Спортшылар турнир аясында көкпардан 12-ші, аударыспақтан 4-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан жарыстарға қатысады.

Биыл жарысқа барлығы 6 команда қатысуға ниет білдіріп отыр.

Турнирдің тұрақты қатысушылары қырғыз ағайындар биыл өздерінде өтетін жарыстарға байланысты келе алмайтын болды. Ал Өзбекстан спортшылары жарысқа сақадай-сай, тиісті құжаттар реттелген соң жарыстан бірнеше күн бұрын шымқалаға ат басын тірейді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
362

Осы тақырып бойынша

Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді - Yvision.kz