Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Психологиялық білім – практикада пайдалы!

Өткен аптада акті залында қызметтік дайындық жүйесінде ІІД қызметкерлерімен  «Жәбірленушіден жауап алу психологиясы. Негізгі ұсыныстар» тақырыбында дәріс өткізілді.  Қазіргі күні лекцияның тақырыбы маңызды, жауап алудың психологиясын практикада учаскелік полиция инспекторлары және қылмыстық іздестіру қызметкерлері және тергеушілер мен анықтаушылардың білуінің пайдасы зор.

Полиция қызметкерлеріне жәбірленушіден жауап алуға  дайындықтың психологиялық  аспектілері мысалмен  түсінікті етіп жеткізілді. Принципшіл,  тура,   әділ тергеуші жауап алушының құрметіне ие болады, олардың дұрыс түсініктеме беріуне ықыласын тудырады, тергеуге көмек көрсетеді.

Дәріс соңында қырым қатынас жасау  бойынша тренингтік жұмыс өткізілді және бейнеролик көрсетілді. Полицейлермен белсенді қарама,-қарсы байланыста егер тергеуші  мұқтаж адамға  шын көңіл бөлген жағдайда  онымен байланыс орнатуға болатындығын дәлелдеді.

 

Бережная Валентина,

ШҚО ІІД

0
0
999

Осы тақырып бойынша

Психологиялық білім – практикада пайдалы! - Yvision.kz