Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жас Отан» жастар қанатының мүшелері ҰОС ардагерімен кездесті

2015 жыл Ұлы Отан соғысын белгілейтін ерекше жыл. Биыл сол сұрапыл соғыста жеткен жеңісімізге 70 жыл толайын деп отыр. Өскелең ұрпақты майданда болған батырлармен кездестіріп, соғыс кезінің оқиғаларын ардагерлердің өздерінен естісе дейміз. Қазір жастар қанатының негізгі мақсаты ұрпақтардың арасында сабақтастықты қамтамасыз ету.
2014 жылдың 12 қаңтарыңда Қостанай облыстық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында қала мектептерінің оқушыларын Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесуін ұйымдастырды. Аталмаш іс – шара Қостанай қаласының № 4 орта мектебінде өтті. Кездесудің барысында мектеп ішіндегі соғыс ардагерлеріне арналған мұражайға саяхат жасадық. Мұнда солдаттардың киімдері, хаттары сақталған. Кездесуге Қостанай қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Подоляков Михаил Иванович қатысты. Ол соғысққа қалай барғанын, не көргенің жас ұрпаққа баяндап берді және қазіргі кезде ардагерлерге, зейнетткерлерге, тыл еңбеккерлеріне қандай жәрдем көрсетілетінің айтты.
Кездесу соңында Қостанай облыстық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Төлетаев Ерлан Михаил Ивановичқа естелікке шағын сый ұсынды.

0
0
531

Осы тақырып бойынша