Бас Прокурордың азаматтарды қабылдағаны туралы ақпарат (Астана қ., 2015 жылғы 14 қаңтар)
Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Арыз берушілердің өтініштері негізінен қылмыстықжәне әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы уәкілетті органдардың шешімдеріне, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саладағы шағымдарға қатысты болды.
Бас Прокурор келген азаматтарды тыңдаған соң шағымдарды мұқият зерделеп, заң бұзушылық анықталған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды.
