Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекеттің экономикалық мүдделері қорғалуда

Мемлекеттік мүлік туралы заңнаманың сақталуы мәселелері Жамбыл облысы прокуратурасының ерекше бақылауында тұр.

2014 жылы қадағалау тексерістері барысында экономикалық мақсатқа сәйкестілікті, бәсекелестік нарықты, сондай-ақ маңызды әлеуметтік объектілерді есепке алмай, объектілерді жекешелендіруге жататын тізімге негізсіз енгізу фактілері анықталған.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/memlekettin-ekonomikalyk-muddeleri-korgaluda

0
0
340

Мемлекетаралық келісім-шартқа қол қою рәсімі туралы БАҚ үшін аңдатпа

2015 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы мемлекетаралық келісім-шартқа қол қою рәсімі өтеді.


http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/memleketaralyk-kelisim-shartka-kol-koyu-rsimi-turaly-bak-ushin-andatpa

0
0
409

Облыс көлемінде «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде

Қызылорда облысында қаңтар айының 19-21 аралығында кең көлемде «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – облыс көлемінде өсім алып келе жатырған мал ұрлығы қылмыстарының жолын кесу, ізін ашу және алдын алу болып табылады. Үш күнге жалғасатын жедел-профилактикалық шараға арнайы жұмыс тобы құрылып, ішкі істер органдарының барлық бөліністері мен қызметтерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел-профилактикалық шараның 2 күндік жұмысы нәтижесінде 6 мал ұрлығы қылмысының беті ашылды. Мәселен, Қазалы ауданы, Түктібаев аулының тұрғыны осы елдімекенге қарасты «Қызыл-Оқпан» мал жайылымынан өткен жылдың қаңтар айында 1 бас сиырын және шілде айында 2 бас сиырын ұрлап, жалпы құны 450000 теңге көлемінде залал келтіргендігі жөнінде арызданған болатын. Осы екі дерек…

0
0
719

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ә.Б. Мәтішев жұмыс сапарымен Алматы қаласында

Жұмыс сапары барысында Комитет төрағасы Ә. Мәтішев Алматы қаласындағы аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне, Санитариялық-эпидемиологиялық және мониторинг ғылыми-практикалық орталығына, Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылым орталығына, М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығына, Алматы бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына, Дезинфекция станциясына барды. Ұжымдармен кездесу кезінде Комитет төрағасы проблемалық мәселелер туралы айтты және Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында ведомствоның алдында тұрған міндеттерге тоқталды. Бүгінгі күні Комитет басшысы Комитеттің жаттықтырушыларына арна…

0
0
413

Қармақшылар қармаққа түсті

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары 3 автокөлік мінген 8 жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеріс барысында қоянның 129 ұшасы, 4 аңшы мылтық пен 3 жарық салғыш тәркіленді.
Заңсыз қоянды аулағаны үшін 5 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қарастырылып отыр. Жалпы көлемде браконьерлер шамамен 1 млн. 300 мың теңге төйлеуі тиіс.
Қазіргі таңда аталмыш факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
ҚР АШМ баспасөз хабарламасы
+7 (7172) 55-57-65
W: www.minagri.gov.kz
E: [email protected]

 

http://mgov.kz/kz/pogoreli-na-zajtsah/

0
0
344

Мазалайтын бір сұрақ!

Диплом алып, адам қатарына қосыламын ба деп едім... Қайдағы?! Асығыс-үсігіс жұмысқа тұрып кетіп, іс-сапардан іс-сапар, тіпті махаббат машақатына жағдайым келмей, Массагетке де кіріп ойтолғап жатуға уақыт болмай кетіп едім. Енді міне, мен боспын. Отырған жерімнен су шыққандай безіп жөнелдім. Неге?! Оған жауап- сылтауымда көп. Балалық шағымда жиі мектеп ауыстырған әдетім, университет қабырғасында да етек алды. Енді міне, жұмысымда да тұрақтылық жоқ. Жасырақ кезімде бұл -тағдыр деп қиялдаушы едім. Бүгін барлық бәле мінезімнен деп жатырмын. Мүмкін тәрбиемде қателік кеткен шығар?! Жо- жоқ! Анамда кінә жоқ. Байғұс анам шыр-пыр етіп, мектеп кезімнен маған «қызым мұның дұрыс емес. Қазір жарайды, сенің қиналып бара жатқаныңды көріп, ауысса ауыссыншы деуші едім (менде қырсық қыз болатынмын, болмайд…

2
7
1174

Қыздарымызды ұяттан безді десек.... Жетісіппіз!

Ата – бабамыз сонау заманнан бері қыз баласын ерекше тәрбиелеп, төрінен орын берген. Қазақ қызы десе, көз алдымызға бұрымы желбіреген, иманды, инабатты, байсалды, тәрбиелі, қара көз елестейді. Бір бойына сұлулық пен ақылдың бар қасиетін жинаған қазақ аруларымыз тарихта да, аңызда да, өмірде де болған. Алайда, бұл бейне жыл өткен сайын тек образ болып қана қала бермек пе деген сауал жігіттеріміздің ойына жиі ұялайтын секілді. Бүгінгі таңда қазақ қызы десе – елдің айтатыны да, ақыл беріп шығатындары да жетерлік. Олда дұрыс шығар. Себебі, соңғы кездері кейбір аруларымыздың қылықтары қазақ қыздарының абыройына өз әсерін тигізбей қоймайды. (интернет желілерінен Әсел Сәдуақасованың ұятсыз фотолары мен, Қазақстан аруы Айнұр Төлеуованың видеосы, басқа да қазақ қыздарының қатысуымен түсірілген жақ…

2
1
536

Жоғарғы Сотта «Соттар қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және оны бағалау» атты халықаралық семинар-тренинг болып өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында Қ.Ә. Мәмидің төрағалығымен «Соттар қызметінің тиімділігін бағалау мониторингі» тақырыбында халықаралық семинар-тренинг болып өтті. Іс-шара Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп ұйымдастырылды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-sottar-kyzmetinin-tiimdiligine-monitoring-zhurgizu-zhne-ony-bagalau-atty

0
0
323

«Бір жол бар — алыс, алыс та болса жақын»

«E-islam.kz» ақпараттық-ағартушылық порталы. Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филол. ғ. к. А.Әбдірәсілқызының «Бір жол бар - алыс, алыс та болса жақын» атты сұхбаты "Болмысыңа бақ бұйырған биіктен, Жанды түгіл, Жаратқанға сүйікті ең" деп адамзаттың асылына арнау жазып, "Үкім айт үмбетіңе, Ақырдың пайғамбары!!!" деп елшінің рухымен тілдескен Айнұр Әбдірәсілқызын бүгін біз әңгімеге тартпақпыз. Ислам Аллаға сенген азат жүректі Пайғамбардың оның елшісі екеніне куәлік еткізген уақыттан жер беті мұсылмандары тойлап келе жатқан Мәулід мерекесінің қазақ қоғамында да алар орны ерекше. Бұл орайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Дін істері комитеті, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғ…

0
0
1578

Павлодар облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өтті

Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде, қалалық және аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларында қоғамдық бірлестіктері, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы және Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдерінің қатысуымен «Ашық есік күндері» өтті. Сапасыз тауарды сатып алу (тапсырыс бойынша перде тіккізу, автокөліктің қосалқы бөлшектері дүкенінен ақауы бар тауарды сатып алу), тауар чегін беруден бас тарту, қызмет көрсетуші персоналдың дөрекі қарым-қатынасы сияқты мәселелері бойынша барлығы 30 келуші жүгінді. Келушілерге сотқа дейінгі реттеу талап-арызын дайындау немесе сотқа өтініш жазу бойынша консультативтік-құқықтық көмек көрсетілді, тапсырыс берілген тауарға енгізілген сома бойынша сатушының фискалді чек бермеу фактісі бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына ө…

0
0
375