Қала көркі мен тазалығы – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі
Үстіміздегі жылдың 16 қаңтарында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қала тұрғындарының қоғамдық орындарда өздерін ұстай білу мәдениетін қалыптастыру, аулалар мен демалатын орындардағы мемлекеттік мүліктерді бүлдіру, ұрлаудың алдын-алуда атқарылған жұмыстардың жайын талқылау, атқарылу керек жұмыстардың жоспарын жасау мақсатында ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Б.Шаймағамбетовтің төрағалық етуімен шұғыл кеңес болып өтті. Кеңеске Қызылорда қалалық мәслихатының жауапты хатшысы Ибадулла Құттықожаев, Қызылода қаласы әкімі аппаратының басшысы Асқар Есжанов, «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Мәстеков және қалалық білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, мектеп директорлары, қалалық коммуналд…

