Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ә.Б. Мәтішев жұмыс сапарымен Алматы қаласында
Жұмыс сапары барысында Комитет төрағасы Ә. Мәтішев Алматы қаласындағы аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне, Санитариялық-эпидемиологиялық және мониторинг ғылыми-практикалық орталығына, Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылым орталығына, М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығына, Алматы бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына, Дезинфекция станциясына барды.
Ұжымдармен кездесу кезінде Комитет төрағасы проблемалық мәселелер туралы айтты және Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында ведомствоның алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
Бүгінгі күні Комитет басшысы Комитеттің жаттықтырушыларына арналған «ХАССП қағидаттары және оларды тамақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында қолдану» оқыту курстарының ашылуына қатысты
ХАССП жүйесін зерделеу заңнамаға кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізумен байланысты өзекті болып отыр. Кәсіпорында тексерудің баламалы нысандарының бірі болып табылатын ХАССП жүйесін енгізу кәсіпорында ерекше тәртіп бойынша тексеруді болдырмауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық және оқу іс-шаралары, сондай-ақ кәсіпорындарда ХАССП-ны пилоттық енгізуді іске асыру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк іске асыратын «Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформаны жүргізу» жобасы және оның «ДСҰ-ға кіру шеңберінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» кіші компоненті шеңберінде жүзеге асырылады.
Одан әрі оқып шыққан жаттықтырушылар республика өңірлерінде тамақ өнеркәсіптерінің өкілдері үшін ХАССП жүйесі бойынша тереңдетілген оқыту курстарын өткізетін болады. Бұдан басқа, ХАССП-ны енгізу бойынша пилоттық жобаларды іске асыру жүргізілуде. Алынған тәжірибе қорытындыланатын және еліміздің барлық жерінде пайдаланылатын болады.
Кәсіпорын деңгейінде тағам өнімдері қауіпсіздігінің алдын алуды қамтамасыз етудің тиімді құралы ХАССП жүйесін енгізу болып табылады (ағылшын транскрипциясында НАССР - Hazard Analysis and Critical Control Points, «қауіпті факторларды талдау және бақылаудың сындарлы нүктелері» дегенді білдіреді).
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ХАССП – бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы бүкіл азық-түлік тізбегі бойынша өнім қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару.
ХАССП Еуразиялық экономикалық одақтың, Кеден одағының нормативтік құқықтық актілерінде регламенттелген.
ХАССП жүйесінің басты қағидаты терең талдау, өндірісте тәуекелдің барлық мүмкін болатын факторларын анықтау болып табылады. Бұған тамақ өнімдерін дайындау кезінде туындайтын физикалық, химиялық, микробиологиялық факторлар кіреді. Сондай-ақ ХАССП жұмысының қағидаты өндірістің барлық кезеңдерінде тәуекелдің осы факторларын толығымен жою болып табылады.
Өндірушілер өткізілетін өнімнің қауіпсіздігі үшін және оны қамтамасыз ету үшін де тұтынушылар алдында жауапты болады, олардың жаңа заманауи білімі болуы қажет.
Сапар барысында Ә. Мәтішев Қазақ Тағам академиясының президенті академик Т.Ш. Шармановпен кездеседі, тамақ саласындағы ғылыми әзірлемелер, тамақ өнімдерін зертханалық зерттеу мәселелері және басқалар талқыланады.
