Қармақшылар қармаққа түсті
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары 3 автокөлік мінген 8 жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеріс барысында қоянның 129 ұшасы, 4 аңшы мылтық пен 3 жарық салғыш тәркіленді.
Заңсыз қоянды аулағаны үшін 5 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қарастырылып отыр. Жалпы көлемде браконьерлер шамамен 1 млн. 300 мың теңге төйлеуі тиіс.
Қазіргі таңда аталмыш факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
ҚР АШМ баспасөз хабарламасы
+7 (7172) 55-57-65
W: www.minagri.gov.kz
E: [email protected]
http://mgov.kz/kz/pogoreli-na-zajtsah/
