Мазалайтын бір сұрақ!
Диплом алып, адам қатарына қосыламын ба деп едім... Қайдағы?! Асығыс-үсігіс жұмысқа тұрып кетіп, іс-сапардан іс-сапар, тіпті махаббат машақатына жағдайым келмей, Массагетке де кіріп ойтолғап жатуға уақыт болмай кетіп едім. Енді міне, мен боспын. Отырған жерімнен су шыққандай безіп жөнелдім. Неге?! Оған жауап- сылтауымда көп. Балалық шағымда жиі мектеп ауыстырған әдетім, университет қабырғасында да етек алды. Енді міне, жұмысымда да тұрақтылық жоқ. Жасырақ кезімде бұл -тағдыр деп қиялдаушы едім. Бүгін барлық бәле мінезімнен деп жатырмын. Мүмкін тәрбиемде қателік кеткен шығар?! Жо- жоқ! Анамда кінә жоқ. Байғұс анам шыр-пыр етіп, мектеп кезімнен маған «қызым мұның дұрыс емес. Қазір жарайды, сенің қиналып бара жатқаныңды көріп, ауысса ауыссыншы деуші едім (менде қырсық қыз болатынмын, болмайды десе де барып өзім класстан классқа ауысып алатынмын) Кейін бұл әдетің дұрыс іске жатпайды, мінезіңді түзе, ешкіммен конфликте түспе» , деп жататын. Әлі де айтады, әлі де құр қабырғаға ғана барып ұрылады да қояды. Ақымақпын деп өзімді айта алмаймын. Ес тоқтатқан, жақсы қыз сияқтымын. Тіпті, менімен сөйлесіп бастасаңыз, ешқандай кедергісіз жақсы араласып кетесіз. Бірақ тұла бойымда өзіме таныс емес , әліде менімен зерттеле қоймаған бір мінез бар. Жұмыстағылармен аяқ-асты шарт-пұрт ұрсысып кетемін, не ұрсыспасамда оларды көргім келмей қашып кетемін. Оның қандай дүние екенін білетін болып, оны алдын-алатын шараларыңыз болса, менімен бөлісіңіздерші! Оқуды бітіргеніме бір жыл бола қойған жоқ, ал мен болсам осымен үшінші жұмысымда отырмын, төртінші рет орын аустырғым келіп. Бұл сондай ауру ма жоқ басқа нәрсе ма?! Бұл мені мазалайтын
бір сұрақ!
