Мазмұнға өту

Жаңа

Түркістан қаласының жастары еліміздің ең үлгілі отбасымен кездесті.

Түркістан қалалық «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері «Жастар Отанға» жобасы аясында ұрпақтар сабақтастығы алаңында 2014 жылы өткізілген республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпазы Бимаханбетовтар әулетімен кездесті. Кездесуге 100-ге жуық жастар қатысты. Басқосуды ұйымдастырудың мақсаты – жастар арасында өнегелі құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды үлгісін тарату, отбасы мәртебесін жоғарылату болып табылады. Кездесу барысында елімізде үздік «Мерейлі отбасы» деп танылған Бимахамбетовтар жастармен қазіргі отбасы институтының проблемаларын талқылады. Бүгінгі таңда Қазақстандық қоғамның трансформациялануы және оның әлемдік қоғамға кірігуі жағдайында отбасылық құндылықтарды және дәстүрді сақтаудың маңыздылығы арта түсуде. Ұлттық мемлекеттер шекарасынан тыс да…

0
0
750

Ақтаудағы «Медицина күні»

Ақтау қаласында «Кеңес орталығы» ашылғалы көптеген азаматтар мен азаматшалар өздеріне қажетті кеңестерін алды. Орталықта бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік мекемелер өздерінің саласындағы мүмкіндіктер мен жастарға қажетті мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттарды береді. Кеңес беру тек бағдарламалар мен жобалар туралы ғана жүрмей әр айда медицина мамандарының қатысуымен «Медицина күні» ұйымдастырылып тұрады. Бұл шара Ақтау қаласының орталық «Мағаш» базарындағы қарапайым тұрғындарымен сатушыларға тегін медициналық кеңестер берумен ерекшеленеді. Сол сияқты 29 қаңтар күнгі «Жас Отан» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының «Кеңес орталығында» кезекті «Медицина күні» аталып өтті. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен шара өз деңгейінде өткізілді. Яғни өт…

1
0
415

Шыда жүрек «Аудио өлең, поэзия»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Autumn rose”

Бейнематериал авторы – Токтобубу Черекчиева

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

       

Шыда жүрек, берік бол, шыда жүрек,

Сенсіз өмір, жансыз болып, қалғандай.

Сен болмасаң, ойын, күлкі не керек?

Бос болып, бүкіл әлем, қалғандай.

 

Аңсаймын-ау, мен сені, сағынамын,

Бар мұңымды, сүретіңе, тек төгіп.

Елесіңе жете алмай, бағынамын,

Тағдыр менен жатсамдағы, мен күресіп

 

Қимаймын-ау, мен қайтейін, ешкімге,

Өртеп жатыр, өзегімді, қызғаныш.

Не істерсің, құстай ұшқан сезімге,

Бір қонбады қолыма, сол өкініш.

1
1
1041

Біз сүйген іңкәрлік!

Ғашықтық - ғаламат сезім. Бір - біріне үйлесімін тапқан екі жұпты көріп, қызыға да, қызғана да қараймыз. Қандай жарасымды жұп, әдемі көрінеді екен,- деп пікірімізді айтып өтетініміз тағы бар. Маған қызықты тақырып, ғашықтардың бір - біріне деген нәзіктік, сыйластық, кіршіксіз махаббаттарын фоторепортаж арқылы оқырманға көрсете білу болды. Бір ғана жұптың, бірнеше фотосуреттерін сіздердің назарларыңызға ұсынамын. Жасыл шыршаның қасында суретке түсумен қатар, бойларын салыстырып қызықтауда. Екеуі бір бағытқа көз жүгіртуде... Жарасымдылықтары байқалып тұр! Киім таңдауда, үйлесімділік, ұқсас қасиеттері бар екен. Бақытты жүздері, күлкілерінен де сезіліп-ақ тұр! Екеуінің бойынан біз сүйген іңкәрлікпен, біз іздеген сүйіспеншілікті фоторепортаж жасау барысында байқадым.)) Баршаңыздың басыңызға ос…

5
0
418

Бәйтерекке саяхат

Биыл елордамыз Астана қаласындағы ең әсем ғимараттардың бірі "Бәйтеректе" болып қайттым. Саяхатымның әр қадамын суреттейтін фоторепортаж ғимаратта әлі болмаған жандарға арналады. Бәйтерек, мен ойлағандай, биік болып шықпады. Сондықтан да Эйфель мұнарасындай ғимарат көруге асықпаңыздар. Мұнда барлығы өзгеше. Кіре берісте төмен түсетін баспалдақтан өтіп, киіміңізді арнайы жерге өткізу керек. Кейін кассаға барып, 500 теңге (егер ересек адам болса) төлейсіз. Бұл қабатта әкімшілікпен бірге аквариум мен мынадай керемет айна бар. Енді лифтімен жоғары қарай көтерілу керек. Лифттің алдында сізді арнайы формадағы ғимарат қызметкері күтіп тұрады. Ол бір жағынан билетіңізді тексерсе, екінші жағынан ерекше ілтипатпен жоғарыға шығарып салады. Міне - екінші қабат. Мұнда тек Астана қаласының әсем көрініс…

0
0
2417

Алматы да адам сияқты

«Кетемін, Алматыға оқуға барамын деп қатты қуанғаным есімде. Маған үлкен өмірге қадам басу деген бір шексіз еркіндіктің белгісіндей көрінді. Жаңа өмір, өзім шешім қабылдап, өз жолыма өзім билік етемін деген ой болды. Бірақ мен өмірде әр нәрсенің жақсы жағымен қатар, жаман жағы да болатынын сол сәтте ескермеппін. Тек кейін ғана адамдары мүлде басқа, көшесі де, тіпті ауасы да басқа үлкен қалаға келгенімді, үлкен өмірдің үлкен қиыншылықтары болатынын ұқтым. Бұл менің өкінішім емес, жай бір күннен алған сабағым...» Мен бұл жазбаны 2013 жылдың 27 желтоқсанында жазған екенмін. Қазір оқып, ойланып отырмын. Себебі мен өзгердім. Көп нәрсеге көзқарасым өзгерді. Өмірімдегі адамдардың тұрақсыз екенін түсіндім. Күнделікті болып жатқан жағдайларға жеңіл қарауды үйрендім. Өйткені өмір сені күтіп тұрмайд…

1
0
586

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары 2014 жылғы жұмысты қорытындылады

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында 2014 жылғы облыс соттарының сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Кеңеске облыстық сот судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты. Облыстық соттың төрағасы М. Әкетай кеңейтілген кеңес жұмысын аша отырып, облыс соттарының қызметі сот төрелігінің сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуге, сөзбұйданы жоюға, судья әдебі нормаларын сақтауға, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға, сонымен бірге Елбасы Қазақстан Республикасы судьяларының VI-съезінде қойған міндеттерді және оларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты берген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті. 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық соты алғаш рет облыстық, аудандық…

-3
1
507