Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бәйтерекке саяхат

Биыл елордамыз Астана қаласындағы ең әсем ғимараттардың бірі "Бәйтеректе" болып қайттым. Саяхатымның әр қадамын суреттейтін фоторепортаж ғимаратта әлі болмаған жандарға арналады.

Бәйтерек, мен ойлағандай, биік болып шықпады. Сондықтан да Эйфель мұнарасындай ғимарат көруге асықпаңыздар. Мұнда барлығы өзгеше.

Кіре берісте төмен түсетін баспалдақтан өтіп, киіміңізді арнайы жерге өткізу керек. Кейін кассаға барып, 500 теңге (егер ересек адам болса) төлейсіз. Бұл қабатта әкімшілікпен бірге аквариум мен мынадай керемет айна бар.

Енді лифтімен жоғары қарай көтерілу керек. Лифттің алдында сізді арнайы формадағы ғимарат қызметкері күтіп тұрады. Ол бір жағынан билетіңізді тексерсе, екінші жағынан ерекше ілтипатпен жоғарыға шығарып салады.

Міне - екінші қабат. Мұнда тек Астана қаласының әсем көрінісін көруге болады. Саяхаттың келесі бөлімі лифтімен емес, баспалдақпен жалғасын тапты. Үшінші қабатта кофенің аңқыған иісі шығып, сізге бір ерекше сергектік сыйлайды. Бұл - Бәйтеректің ішінде жұмыс істейтін кофеиня.

Алда ең маңызды бөлігі қалды. Ол - Бәйтеректің шыңы немесе барлық қызықтың орналасқан жері.

және...

Мұнда сізді басқа туристтер мен қала қонақтары күтіп тұрады. Сондықтан осы екі монументтің қасында фотоға түсу үшін кезекке тұруға тура келеді. Астана қаласының әйгілі Бәйтерегіне жасаған саяхатымыз осымен тәмам. Егер жолыңыз елордамызға түссе, міндетті түрде Бәйтерекке барыңыздар, алайда мен сынды тылсым дүниені күтпегендеріңіз абзал. P.S бәйтерекке кешке барыңыз. Дәл сол кезде қаладағы шамдар жанып, көрініс керемет болады.

0
0
2386

Осы тақырып бойынша

Бәйтерекке саяхат - Yvision.kz