Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы да адам сияқты

«Кетемін, Алматыға оқуға барамын деп қатты қуанғаным есімде. Маған үлкен өмірге қадам басу деген бір шексіз еркіндіктің белгісіндей көрінді. Жаңа өмір, өзім шешім қабылдап, өз жолыма өзім билік етемін деген ой болды. Бірақ мен өмірде әр нәрсенің жақсы жағымен қатар, жаман жағы да болатынын сол сәтте ескермеппін. Тек кейін ғана адамдары мүлде басқа, көшесі де, тіпті ауасы да басқа үлкен қалаға келгенімді, үлкен өмірдің үлкен қиыншылықтары болатынын ұқтым. Бұл менің өкінішім емес, жай бір күннен алған сабағым...»

Мен бұл жазбаны 2013 жылдың 27 желтоқсанында жазған екенмін. Қазір оқып, ойланып отырмын. Себебі мен өзгердім. Көп нәрсеге көзқарасым өзгерді. Өмірімдегі адамдардың тұрақсыз екенін түсіндім. Күнделікті болып жатқан жағдайларға жеңіл қарауды үйрендім. Өйткені өмір сені күтіп тұрмайды. Егер әр нәрсенің тек қиын жағын көріп тұратын болсам, өмірдің қызығынан құр қалатынымды ұқтым.

Сол қиыншылығы көп үлкен қалаға енді жоғарыдан қарап тұрмын. Алматы да адам сияқты. Кейде жылы, шуақты күндерімен қарсы алса, кей сәттері еңсесін түсіріп, төбеңнен төніп тұрады. Түсіне алмайсың... Таусылмайтын кептелістен, тұнжыраған адамдардан ол да шаршаған болар.

Тек осындай түнде ғана тізіле жанған көліктің фарына қарап, бір әдемілікті көруге болады.  Ол көліктердің қасына барсаң у-шу, тек алыстан бақылай аласың. Тыныштықты тек алыстан сезіне аласың...

1
0
564

Осы тақырып бойынша

Алматы да адам сияқты - Yvision.kz