Шыда жүрек «Аудио өлең, поэзия»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Autumn rose”
Бейнематериал авторы – Токтобубу Черекчиева
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Шыда жүрек, берік бол, шыда жүрек,
Сенсіз өмір, жансыз болып, қалғандай.
Сен болмасаң, ойын, күлкі не керек?
Бос болып, бүкіл әлем, қалғандай.
Аңсаймын-ау, мен сені, сағынамын,
Бар мұңымды, сүретіңе, тек төгіп.
Елесіңе жете алмай, бағынамын,
Тағдыр менен жатсамдағы, мен күресіп
Қимаймын-ау, мен қайтейін, ешкімге,
Өртеп жатыр, өзегімді, қызғаныш.
Не істерсің, құстай ұшқан сезімге,
Бір қонбады қолыма, сол өкініш.
