Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Біз сүйген іңкәрлік!

Ғашықтық - ғаламат сезім. Бір - біріне үйлесімін тапқан екі жұпты көріп, қызыға да,  қызғана да қараймыз. Қандай жарасымды жұп, әдемі көрінеді екен,- деп пікірімізді айтып өтетініміз тағы бар. Маған қызықты тақырып, ғашықтардың бір - біріне деген нәзіктік, сыйластық, кіршіксіз махаббаттарын фоторепортаж арқылы оқырманға көрсете  білу болды. Бір ғана жұптың,  бірнеше фотосуреттерін сіздердің  назарларыңызға ұсынамын.

Жасыл шыршаның қасында суретке түсумен қатар, бойларын салыстырып қызықтауда.

Екеуі бір бағытқа көз жүгіртуде...

Жарасымдылықтары байқалып тұр!

Киім таңдауда, үйлесімділік, ұқсас қасиеттері бар  екен.

Бақытты жүздері, күлкілерінен де сезіліп-ақ тұр!

Екеуінің бойынан біз сүйген іңкәрлікпен, біз іздеген сүйіспеншілікті фоторепортаж жасау барысында байқадым.)) Баршаңыздың басыңызға осындай жарасымды жұп, бір - бірлеріңе деген сенім, нағыз махаббат тілейміз!

5
0
410

Осы тақырып бойынша

Біз сүйген іңкәрлік! - Yvision.kz