Алғашқы пікір
- Балалар, сабақтың аяқталуына қанша минут қалды? - Әлі он минуттай уақыт бар, апай. - Ондай болса, мен сендерге сабақтан тыс сұрақ қояйын. Үй тапсырмасы түсінікті ғой. - Иә түсінікті, апай. Қандай сұрақ қояйын деп едіңіз? - Мен көптен бері адамдардың бөтен жанның сыртынан қарап, әртүрлі ой ойлайтынын байқап жүрмін. Неге десеңдер, жақында қоғамдық көлікте отырғанмын, яғни сендердің тілдеріңмен автобуста. Сонда бір қызықты жағдай болды. Автобус іші жолаушыларға толы еді. Орындықтарда отырған үлкен жасты адамдар. Бірақ сол адамдардың арасында бір жас қыз да отырды. Жүзі өте мұңлы еді. Сол қыздың жанында бірнеше үлкен жастағы әйелдер тұрды. Балалар, қалай ойлайсыңдар, ол қыз неге үлкен жастағы апаларға орын бермей отыр? - Апай, мен айтайыншы? - Айта ғой. - Ол қызға мүмкін ата-аналары үлкенге…