Ақтаудағы «Медицина күні»
Ақтау қаласында «Кеңес орталығы» ашылғалы көптеген азаматтар мен азаматшалар өздеріне қажетті кеңестерін алды. Орталықта бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік мекемелер өздерінің саласындағы мүмкіндіктер мен жастарға қажетті мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттарды береді.
Кеңес беру тек бағдарламалар мен жобалар туралы ғана жүрмей әр айда медицина мамандарының қатысуымен «Медицина күні» ұйымдастырылып тұрады. Бұл шара Ақтау қаласының орталық «Мағаш» базарындағы қарапайым тұрғындарымен сатушыларға тегін медициналық кеңестер берумен ерекшеленеді.
Сол сияқты 29 қаңтар күнгі «Жас Отан» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының «Кеңес орталығында» кезекті «Медицина күні» аталып өтті. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен шара өз деңгейінде өткізілді. Яғни өткінші өзінің қан қысымын өлшетіп, сырқаттарына байланысты қайда жүгіну керектігін біліп, дәрі дәрмек туралы мағлұматтарын алды. 5 сағаттық кеңес - келушілер санын көбейтті. Сатушылардың айтуынша бұл шараның өтуі орынды және кейде тапшы болып қалады. Базар ішінде арнайы медбикенің болуын да ұсынды. Рахметін айтқандар қатары да аз болған жоқ. Келесі «Медицина күні» ақпан айының соңында өтеді.
