Орта мектеп оқушыларымен өткізілген алдын алу әңгіме
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның №2 аудандық соты Чистополье орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Судья М.Б. Хасенов «Нашақорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес және есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік» тақырыбында дәріс оқыды. Судья өз баяндамасында есірткі заттарды қолданудың зияны туралы оқушыларға жеткізді. Есірткі заттардың қол жетімділігі, оларды кедергісіз сатып алу мүмкіндігі – нашақорлық дамуының және есірткіге салынудың басты себептерінің бірі болып табылады. «Қылмыстардың аса қауіпті түрлерінің бірі болып табылатын нашақорлық халық арасында, әсіресе, жастар арасында кеңінен таралуда», - деді судья М.Б. Хасенов өз баяндамасында. Нашақорлық пен есірткі бизнесі қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар проблема, мұның өзі а…




