Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 31 азаматына қатысты әкімшілік шара көрілді
Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қызылорда облысының ІІД Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлерімен арнайы шолу жұмыстарын жүргізу барысында Қызылорда қаласында Өзбекстан Республикасының 31 азаматы Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзғандықтары үшін анықталған. Яғни, Қызылорда қаласында бір мекенжай бойынша уақытша тіркеуге тұрып, алайда ішкі істер органдарын хабардар етпей, облыстағы басқа мекенжай бойынша қоныс аударған 27 шетелдік азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы, 2-бөлігімен және уақытша тіркеу мерзімі өткеннен кейін еліміздің аумағынан кетуден жалтарған 4 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы, 4-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Әкімшілік сот қаулысы…



