Жастар спорт шеберімен кездесті
Бүгін Ақтау қаласының жастары паролимпиадашы Асқар Қуаныш Баймұратұлымен кездесу өткізді. Асқар Қуаныш 07.02.1987 жылы туылып, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері және жеңіл атлетикадан Республика біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы. Кездесу жастар үйі ғимаратында өтіп, жиналған жастар кейіпкерге қызыға қарап, оның шектеулі мүмкіндігіне қарамастан спортпен айналысатынына құрмет білдірді. Бұл кездесуден жастардың ойларына түйгені көп болды жастарды жігерлі, рухты, сабырлы болуға шақырды. Кездесуге қала жастары, жасылелдіктер қатысты. Асқар Қуанышұлы кездесуге шақырған Жас Отандықтарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты, жастарда алдағы спорт додаларына сәттілік тілеп, естелік суретке түсті.