Мазмұнға өту

Жаңа

Құрт — ұлттық тағам!

Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары). Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады. Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңі…

2
0
63571

Салт-дәстүр қазынам

Қазағымның салт-дәстүрлері ай. Қайран "Абай жолын" оқыған сайын осы сөз ғана ауызыма түседі. Романда берілген қазақ дархандығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қызға ұрын бару солардың бәрі жаңа заманда бір ескі нәрсе сияқты болып бара жатқан сияқты. Мүмкін біреулер айтар әр заманның адамы басқа деп. Ал мен кей сәтте сол заманда өмір сүргім келеді. Шынайы, интернетсіз махаббат, қыздардың әдемі киім киісі, қолаң шаштары... Қазіргі өмірімізде бәріміз бір жаққа асығып, біреулер ақша соңынан жүгіріп, өмірдің нағыз мәні артқы шепте қалып бара жатқан сияқты. Бұрынғыдай жеңгелер қыз бен жігіттерді таныстыруына себепші болса, дәл қазіргідей "отырып қалған қыздар" немесе "қыз таңдаған жігіттер" қоғамда сәл болсын азаяр ма еді деп ойлаймын.дәл қазір өзіме келер болсам мен өзіме жар таңдай алма…

2
0
953

Білім аясында блог қолданысы...

Уикипедиядағы ақпарат бойынша: Блог (ағылш. blog, web log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі») — үнемі ақпаратпен толықтырылатын қысқа жазбалардан, суреттерден, таспалардан тұратын мәнді мағлұматы бар торап. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BB%D0%BE%D0%B3 Жазушылар блогтарда лезде өзін қызықтыратын тақырып бойынша онлайн ақпарат беріп, аудитория жинап, блогын оқитын адамдармен кері байланыс құрып, пікір алмаса алады. Сол себепті білім аясында өте пайдалы ресурс болып табылады. Неге блог жазу пайдалы құрал болып табылады? Блоггинг жазушылар мен респонденттердің ойлау, аналитикалық және коммуникациялық дағдыларын дамытуға баулиды. Кейбір сипаттамаларының ерекшілігі үшін тамаша оқу әдістемелік құрал болып табылады. Блогтар қысқаша болып табылады. Қазіргі оқырмандар ұзақ, ретсіз…

1
0
543

Заманың түлкі болса, тазы боп шал... )))

ХХІ ғасырдың мұғалімі деген ұғымды көп естіген шығарсыздар. Бұл ұғым аясында әр түрлі көзқарастағы пікірлер бар. ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек? Бұл санда ХХІ ғасырдың мұғалімі ең кем дегенде меңгеруі керек материалдарды Брайан Берн белгілеген. Әрине, оның кестесін жалғыз дұрыс жол деп ешкім айта алмайды және оған ұқсас кестелер көп. Қалай болғанда да, өзіме ұнаған соң сіздермен бөліскім келіп еді... Егер осы айтылғандардың барлығын біліп, қолданып жүрсеңіздер, сіздерді құттықтауға болады, себебі сіздің бойыңзыда ХХІ ғасырдың мұғаліміне сай талаптар бар. Алайда .... ))) Teacher Technology Bucket List Brian Byrne (Брайан Берн) (twitter: @spsmathk5) немесе ХХІ ғасырдың мұғалімі технологияларға байланысты не білуі керек: Сыныптағы барлық мүдделі тараптармен қарым-қатынас құру үшін…

0
0
3314

«Тұрмыс» ЖПІШ барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берген 88 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылды

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 2 наурыз - 6 наурыз күндері аралығында облыс көлемінде өткізіліп жатырған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде Қызылорда ОІІД-нің учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылыққа жол берген 88 азаматқа қорғау нұсқамасын шығарып, 8 құқық бұзушының мінез-құлқына сотпен ерекше талаптар белгіленді, сондай-ақ мас күйінде жасалатын қылмыстарды болдырмау мақсатында 7 есірткі құралдарын қолданатындар мен 18 спирт ішімдігін шамадан тыс пайдаланатындар тізімдік есепке алынды. Атап айтатын болсақ, 02 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының тұрғыны Б.А. полиция қызметкерлеріне арызданып, інісі тарапынан тұрмыст…

0
0
768

Газетке жаз, кітап жаз, Бастыр, оқыт қазаққа. Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ассалаумағалейкум, құрметті әріптестер!!! Міне, жаңа бір бастама ретінде, аталарымыз айтқандай, «Пайғамбар жолын қуған» немесе «Адамдарға тура жолды көрсетіп, білім нәрімен жас балалардың шөлін қандыруға» бел буған сіздерге яғни, мұғалім әріптестерімізге арнайы осы блогты бастап отырмыз. Әрине алдымен өзімді таныстырып кетейін. Аты-жөнім - Бекбағанбетов Нұрбол Орынбасарұлы. Арайлы Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Ұстаздарымның жолын қуып, балаларға «Білім» және «Тәрбие» беруге бел будым. Бес жылдық карьерамда үш облыста мұғалім болып істедім (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды). Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеймін. Өзімді Digital Native санағандықтан, мұғалімдік тәжірибемде әрқашан технологияға к…

0
2
923

Астанаға гүл трипсі кіргізілмеді

Астана қ. бойынша ҚР АШМ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Нидерландыдан әкелінген өнімдерден батыс (калифорниялық) гүл трипсін анықтады. «Астана Халықаралық Әуежайы» фитосанитариялық бақылау бекетінде карантиндік тексеру кезінде салат жапырақтары мен қара бүлдіргеннен нұсқалар алынып Республикалық карантиндік зертханаға жіберілді. Сараптама нәтижесі бойынша 85 кг салат жапырақтары мен 21 кг импортталған қара бүлдіргенде гүлді трипсі анықталды. Карантиндік объектілермен залалданған өнім кеден, экология өкілдері мен жүк иесінің қатысуымен өртеу арқылы жойылды. 2014 жылы Нидерландыдан әкелінген карантинге жатқызылған өнімдерден аталған зиянкес 6 рет анықталды, оның 3-уі жаңа кесілген гүлдерде болған. Қазіргі таңда еліміздің жылыжайларында гүл трипсі жоқ. Сондықтан, гү…

0
0
400

Жоғарғы Сот А.Мешімбаеваның ісі бойынша өтінішхатты қарады

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьялары жеті жылға сотталған Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.Мешімбаеваның мүддесін қорғаушы адвокаттың Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотының үкімін және одан кейінгі қаулыларды қайта қарау туралы өтінішхатын алдын-ала тыңдауда қарастырды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sot-ameshimbaevanyn-isi-boyynsha-otinishhatty-karady

0
0
1102

Мұрағаттық анықтамалар алу

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетеді. Сонымен қатар, «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет түрі құжаттар топтамасын орталыққа тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 15 күн ішінде орындалады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады, бұл туралы құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады. Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық сипа…

0
0
1264

Спорт — денсаулық кепілі

Орта мектептен бастап мен өзімді толық қызбын деп есептейтінмін. Сол себептен арық дене бітімі сымбатты қыздарға қарап, "менде солар сияқты болсам екен" деген армандарым көп еді. Өсе келе көптеген ем-домдарды ұстап, өзіме тамақтан шектеу қойдым.Айтарлықтай өзімді жеңіл сезініп сымбатты қалыпқа келген сияқты болып қалатынмын. Менің ұстамаған ем-домым жоқ шығар. Айран ішіп, неше түрлі көкеністер ғана жеп одан қалса тәтті немесе майлы тағамдарды жемеу сияқты шектеулер қоятынмын. 2012 жылдан бастап мен өзімді олай қатты қинамайтын болдым. Тек қана дене шынықтыру залдарына барып дұрыс тамақтану салтына көштім. Бұл өзіңді қинап тамақтан шектегеннен гөрі жақсырақ екен.Жазда жүгірумен, қыста шаңғы тебумен айналысып көп серуендеп өзімді сергек сезінетін болдым. Ал "бөксемде майым көбейіп кетті, іш…

0
0
1665