Заманың түлкі болса, тазы боп шал... )))
ХХІ ғасырдың мұғалімі деген ұғымды көп естіген шығарсыздар. Бұл ұғым аясында әр түрлі көзқарастағы пікірлер бар. ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек? Бұл санда ХХІ ғасырдың мұғалімі ең кем дегенде меңгеруі керек материалдарды Брайан Берн белгілеген. Әрине, оның кестесін жалғыз дұрыс жол деп ешкім айта алмайды және оған ұқсас кестелер көп. Қалай болғанда да, өзіме ұнаған соң сіздермен бөліскім келіп еді... Егер осы айтылғандардың барлығын біліп, қолданып жүрсеңіздер, сіздерді құттықтауға болады, себебі сіздің бойыңзыда ХХІ ғасырдың мұғаліміне сай талаптар бар. Алайда .... )))
Teacher Technology Bucket List
Brian Byrne (Брайан Берн) (twitter: @spsmathk5)
немесе ХХІ ғасырдың мұғалімі технологияларға байланысты не білуі керек:
- Сыныптағы барлық мүдделі тараптармен қарым-қатынас құру үшін Твиттер аккаунтын аша білу;
- Керекті бағдарламаларды (приложения) қалай табуды, жүктеуді, қолдануды және алып тастауды білу;
- Құжатты сканерлеу және PDF форматында сақтай білу;
- Файлдарды электронды пошта арқылы немесе басқа да жолдармен жариялай білу;
- Блог ашу және тиісті ақпаратты жиі жаңарта білу;
- Оқушыларды сандық портфель (digital portfolio) жасау үшін тиісті мүмкіндіктерімен қамтамасыз ете білу;
- Excel’дің негізгі функцияларын пайдалана білу;
- Сапалы Powerpoint немесе Prezi презентацияларын дайындай білу;
- Сабақты жақсарту үшін (қызығырақ және пайдалы өткізу үшін) интерактивті тақтаны пайдалана білу;
- Сандық азаматтыққа (digital citizenship) қатысты оқушылар үшін ережелер мен мақсаттарды ұйымдастыра білу;
- Суреттерді камерадан жүктеп, кейін оларды әртүрлі платформалар шегінде пайдалана білу;
- Оқушылардың ақпараттық–шығармашылық қабілеттерін әртүрлі жолдармен дамыту және жариялауға көмектесу;
- YouTube’қа видеобейнелерін жүктей білу;
- Skype немесе басқа да видеоконференцияларды қолдана білу;
- Сабақ үшін керекті ресурстарды delicious.com және Pinterest вебсайттарында таба білу;
- Google Drive арқылы оқушылармен ынтымақтаса жұмыс істей білу;
- Edmodo сияқты қауымдық форумдарды қолдана білу;
- Олардың тілін табу: біліп, түсініп, баламен балаша тіл табыса білу;
- Жайлылықпен эксперимент жасау; оқушылардың кейде сізден көбірек білу мүмкіндігін қабылдай білу;
- Қатысу, ортақ ақпаратпен бөлісу және үнемі жаңа білімді үйрену арқылы ортақ желіні құра білу;
Brian Byrne, curriculum associate for elementary math in the Stamford Public Schools, Connecticut.
Web 2.0 How to for Educators by Gwen Solomon and Lynne Schrum, second edition, Washington 2014
Digital portfolio – былайша айтқанда оқушының компьютер және интернет желісінде жасаған еңбегі және мұғалімінің берген бағасы.
Digital citizenship – Сандық азаматтық дегеніміз, қысқаша айтқанда, технологияны қолайлы және жауапты қолданудың нормалары. Digital citizen деп интернет желісін жиі қолданатын адамды айтамыз (блог жазатын, твиттер, инстаграм, фэйсбук, вконтакте желілерін қолданатын адамдар).
