Мұрағаттық анықтамалар алу
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетеді. Сонымен қатар, «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет түрі құжаттар топтамасын орталыққа тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 15 күн ішінде орындалады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады, бұл туралы құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.
Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер жөніндегі мұрағаттық құжаттар негізінде көрсетіледі: еңбек өтілі мен еңбек ақысының мөлшерін, жасын, білімі мен біліктілігін, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталуын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың аударылуын, ғылыми дәреже және атақ берілгенін, емделу, қамау орындарында болғанын, көшірілгенін және ақталғанын, экологиялық апат аймақтарында болғанын растайтын, күштеп айдалғаны және репатриацияланғаны туралы, азаматтық хал-жағдайы актілері, мүліктік құқықтар туралы растау.
Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мына құжаттарды орталыққа ұсынуы тиіс.
1. Жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) сенім білдірілген адамның өкілеттілігін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
2. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтерді, сондай-ақ ЖСН, почталық мекенжайын, байланыс телефонын көрсете отырып толтырылған өтініш.
Көрсетілетін қызметтi алушының жеке басын растайтын құжаттардың мәліметтерін ХҚО-ның қызметкерi мемлекеттік органдардың уәкiлеттi адамдарының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық деректер нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Толық ақпараттық матіметтерді, қажетті құжаттар тізілімін www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.

