Газетке жаз, кітап жаз, Бастыр, оқыт қазаққа. Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ассалаумағалейкум, құрметті әріптестер!!! Міне, жаңа бір бастама ретінде, аталарымыз айтқандай, «Пайғамбар жолын қуған» немесе «Адамдарға тура жолды көрсетіп, білім нәрімен жас балалардың шөлін қандыруға» бел буған сіздерге яғни, мұғалім әріптестерімізге арнайы осы блогты бастап отырмыз. Әрине алдымен өзімді таныстырып кетейін. Аты-жөнім - Бекбағанбетов Нұрбол Орынбасарұлы. Арайлы Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Ұстаздарымның жолын қуып, балаларға «Білім» және «Тәрбие» беруге бел будым. Бес жылдық карьерамда үш облыста мұғалім болып істедім (Ақтөбе, Алматы, Қарағанды). Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеймін. Өзімді Digital Native санағандықтан, мұғалімдік тәжірибемде әрқашан технологияға көп көңіл бөліп, оны жиі қолдануға тырысамын. Технология сабаққа пайда әкелмесе, оны қолданудың қажеті жоқ екенін ұмытпау керек.
Сонымен бұл блог-поста сабақтарымызда қолданатын технологиялар туралы жазамын (немесе ағылшын тілінен аударамын) және оны қалай қолдану керек екені туралы видео (tutorial) саламын. Сұрақтарыңыз немесе тілектеріңіз болса, әрдайым тыңдауға дайынмын!!!
Бұл блог NIS Ақтөбе мектебінің қазақ тілі мұғалімі Тоғанакова Рабиға Сүлейменқызының тікелей көмегімен жүзеге асуда, сізге көп-көп рахмет!!!
