Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Спорт — денсаулық кепілі

Орта мектептен бастап мен өзімді толық қызбын деп есептейтінмін. Сол себептен арық дене бітімі сымбатты қыздарға қарап, "менде солар сияқты болсам екен" деген армандарым көп еді. Өсе келе көптеген ем-домдарды ұстап, өзіме тамақтан шектеу қойдым.Айтарлықтай өзімді жеңіл сезініп сымбатты қалыпқа келген сияқты болып қалатынмын. Менің ұстамаған ем-домым жоқ шығар. Айран ішіп, неше түрлі көкеністер ғана жеп одан қалса тәтті немесе майлы тағамдарды жемеу сияқты шектеулер қоятынмын. 2012 жылдан бастап мен өзімді олай қатты қинамайтын болдым. Тек қана дене шынықтыру залдарына барып дұрыс тамақтану салтына көштім. Бұл өзіңді қинап тамақтан шектегеннен гөрі жақсырақ екен.Жазда жүгірумен, қыста шаңғы тебумен айналысып көп серуендеп өзімді сергек сезінетін болдым. Ал "бөксемде майым көбейіп кетті, ішім үлкейіп кетті" деп айтатын адамдарға айтарым: "Өз-өзіңді өзгертпесен ешкім сені өзгертпейді, өз дене бітіміңе қарап,  өзіңнің тамаққа тәуелді емес екеніңді дәлелде" дегім келеді. 

0
0
1647

Осы тақырып бойынша

Спорт — денсаулық кепілі - Yvision.kz