«Мемлекеттік қызметкерлер дін одақтары өкілдерімен кездесті»
23 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп діни одақ басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында тараптар Департамент қызметі мен оның діни бірлестіктермен қарым-қатынасы туралы әңгіме өрбітті. Дөңгелек үстел аясында Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы Ә. Досекенов қатысушыларды «Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен» таныстырды. Сонымен қатар, стартегияны жүзеге асыру барысында жергілікті менталитетті, діни және ұлттық ерекшеліктерді, мәдениетті ескере отырып жемқорлықпен күресудің әсерлі шараларын жасау жоспарланып отырғанын атап өтті. Дін өкіл…

