«Мемлекеттік қызметкерлер дін одақтары өкілдерімен кездесті»

23 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп діни одақ басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында тараптар Департамент қызметі мен оның діни бірлестіктермен қарым-қатынасы туралы әңгіме өрбітті. Дөңгелек үстел аясында Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы Ә. Досекенов қатысушыларды «Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен» таныстырды. Сонымен қатар, стартегияны жүзеге асыру барысында жергілікті менталитетті, діни және ұлттық ерекшеліктерді, мәдениетті ескере отырып жемқорлықпен күресудің әсерлі шараларын жасау жоспарланып отырғанын атап өтті.
Дін өкілдері өз кезегінде, жемқорлық барлық кездерде әлемдік діндермен талқыланды және талқыланып келетінін атап өтті. Адамдардың тек өздері ғана заңсыз әрекет жасамай қоймай, сонымен қатар олардың қоғам тарапынан заңды сыйламау белгілеріне де немқұрайды болмауы маңызды.
Қорытындылай келе, қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды. Олар жемқорлық құқық бұзушылық саласын қамтыды. Ә. Досекенов Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қарамағында әрбір қалаған адам хабарласып, өз сауалын қоя алатын, мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексін немесе заң бұзушылығы туралы хабарлай алатын біріңғай байланыс орталығы-1494 бар екендігін және Департамент пен оның аймақаралық бөлімдерінің байланыстары туралы ақпарат жеткізді.
Өздерінің қорытынды сөзінде тараптар жемқорлық өзінің қандай да болмасын көрінісінде қолайсыз екен деген ортақ ойға келіп, алдағы уақытта жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын бірлесіп өткізу керектігі жөнінде пікір білдірді.
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігі Департаментінің жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімі Тел: 8(7142)914-208
