Киіктің неден қырылғанын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды – АШМ
Қостанай облысында киіктер неге қырылып жатқанын анықтау үшін Білім және ғылым министрлігі биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының жанынан арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен шұғыл брифинг барысында осы ведомствоның вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Арнайы комиссия бүгін Қостанай өңіріне кетті. Алдымыздағы аптада біраз жұмыс атқарып, қорытындысын тағы жариялайтын боламыз»,-деді Е.Нысанбаев. Вице-министр бұған дейін де киіктер қырылған ауыр кезеңдер болғанын еске салды. «1984 жылы Орал өңірінде 250 мың бас қырылған. 1988 жылы тағы осы Қостанайдың жазығында пастереллез ауруынан 400-ден астам киікті жоғалттық. Өздеріңіз білесіздер, 2010 жылы 11 920 бас киік қырылды, 2011 жыл…




