«Мемлекеттік қызметкерлер тазалыққа шақырады»

Пластикалық бөтелкелер, полиэтиленді дорбашалар, темекі қалдықтары мен түрлі қоқыстар, жалпы, қыс бойы қар астында жатқан қоқыстарды көктем таза суға шығаруда. Қала мен елді мекендер көшелері табиғатқа көмекке шыққан еңбекқор ұйымдар жасақтарына тола бастайды.
Осындай міндетпен, өткен сенбіде қала көшелеріне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің барлық жеке құрамы шықты. Қаламдарын күрекке алмастырып, зембіл мен тырмаларын ұстап, мемлекеттік қызметкерлер саналған уақытта Департаменттің аумағы мен оған тиісті барлық аймақта тазалық орнатты. Ақтау, сырлау, кейбір жерлерді сыпыру, айналаға тиісті шырай беруге әйелдер ат салысты, ал күштіректері қоқыс жинап, шығарып жатса, жүк көліктері мен зембіл көтеріп жүргендерге үлгеріп отырса ғана болды. Қоқыстар мен жапырақтарды ұшырып тұрған желге, табиғаттың еркелігіне қарамастан, Департамент қызметкерлері жұмысты бір де минутқа тоқтатқан жоқ.
Сенбілік өткізу бастамасын бастаған мекеме басшысы Данияр Үсенов болды. Ол басқалар тәрізді қолына еңбек құралдарын алып, алаңды тазалауға шықты. Нәтежиесінде, Департамент тобы екі сағатта барлығын аяқтады. Ұжымның айтуынша, қала көшелерін жинауға тек қана мемлекеттік қызметкерлер емес, сонымен қатар қатардағы азаматтар да шығып тұруы тиіс, себебі, өз үйінің тазалығы мен табиғатты қорғау біздің әрқайсымыздың міндетіміз. Ал біз тұратын қала-барлығымызды біріктіріп отырған үлкен, ортақ үйміз.
Қостанай облысы бойынша МҚІ СЖҚІҚ Агенттігі Департаментінің жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімі Тел: 8(7142)914-208
