Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Солтүстікқазақстандықтар WBA International титулының иегері, боксшы Жанат Жақияновты салтанатпен қарсы алды

Петропавлда солтүстікқазақстандықтар белгілі жерлестері, боксшы Жанат Жақияновты салтанатты түрде қарсы алды.

Еске салсақ, Жанат Жақиянов Болгарияда WBA International титулы үшін айқаста аргентиналық Хэктор Роландо Гусманмен кездесті. Алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді, сөйтіп WBA International титулын жеңіп алды.

«Енді туыстарыма, анама, жарыма, қызыма көңіл бөліп, аздап демалғым келеді. Биыл қазанда немесе қарашада тағы бір үлкен жекпе-жек өткізу жоспарымда бар. Бұл әлем чемпионы титулы үшін айқас болмақ. Промоутермен сөйлестім, Жапония, Британия чемпиондарымен жекпе-жек өткізуге дайындаламыз. Мен әзірмін, өзімді тамаша сезінемін», — деді боксшы.

 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат

 
0
0
238

Осы тақырып бойынша

Солтүстікқазақстандықтар WBA International титулының иегері, боксшы Жанат Жақияновты салтанатпен қарсы алды - Yvision.kz