«Данияр Үсенов азаматтар сұрақтарына жауап берді»
«Университеттен кейін бірден сыбайлас жемқорлық қызметіне түсуге болады ма?» бұл, азаматтардан жақында өткен облыстық «Қостанай таңы» газетінің ресми сайтындағы интернет-конференциясына келіп түскен ең алғашқы сұрақтарының бірі болды.
21 сәуірде онлайн тәртібінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Данияр Үсенов азаматтар сұрақтарына жауап берді. Өздерінің сұрақтары мен ұсыныстарын сайт қонақтары облыстық газеттің электронды мекен жайына жіберді немесе хабарласты. Осылайша, бір сағат ішінде Департамент басшысына 10-нан аса сұрақ келіп түсті. Мекеме жұмысының әсерлілігі, үлкен шу шығарған істер және мемлекеттік қызметке кіру үрдістері туралы сұрады. Тек қана сұрақтар емес, қостанайлықтар қоғамда жемқорлық фактілерінің туындаулары туралы мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісіп, Департамент қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты. Өткен конференция нәтижелері бойынша бір де бір сұрақ жауапсыз қалмады. Олардың әрбіреуі бойынша Департамент басшысы толықтай жауаптар және түсіндірмелер берді. Азаматтардан түскен әрбір ұсыныс бақылауға алынды.
Данияр Үсеновтың айтуынша, конференциялар азаматтардың мемлекеттік мекемелерге деген сенімін арттырады, сондықтан осындай форматтағы диалогтарды үнемі түрде өткізу жоспарланып отыр.
Қостанай облысы бойынша ҚРМҚІСЖҚІҚ Агенттігі Департаментінің жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімі Тел: 8(7142)914-262
