Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтаулық жас бишілер Ресейдегі халықаралық турнирде 7 бірінші орынды иеленді

Ресейлік Волгоград қаласында спорттық билер бойынша халықаралық турнир мәресіне жетті, оған Ақтаудың «Жас қанат» спорт кешенінің спорттық билермен айналысатын 5 жұбы қатысты.

«Бұқаралық спорт» санатында 6-11 жас аралығындағы жас бишілер 8 жүлделі орынға ие болды, оның 7-еуі бірінші орын.

Арина Языкова мен Богдан Лонский (юниор-1) жұбы екі бірінші орынды иеленді. Евгений Бортников пен Вика Осипова (балалар-2) бірінші және екінші орын алды. Дамир Сейітжанов пен Жанна Есемұратова (балалар-1) екі бірінші орынды қанжығаларына байлады. Осындай наградалар мен екі бірінші орын Давид Бабаян мен Полина Хохловаға (балалар-2) да бұйырды.

Бұдан басқа, «Жоғары жетістіктегі спорт» санатында София Муравьева мен Евгений Шестаперов (юниор-1) жұбы қатысты. Е сыныбында екі үшінші орын (латын мен стандарт), D сыныбында екі бесінші орын (сондай-ақ латын және стандарт) иеленді.

«Бұл сыныптарда бестікке кіру үшін де бәсекелестік өте жоғары болды, ал үштікке кіру тіпті керемет жетістік», — деп атап өтті «Ұлттық би спортын дамыту одағының» маңғыстаулық филиалының спорттық би бөлімінің бапкері Наталья Данилова.

Бірнеше күн бойы ақтаулық бишілер белгілі волгоградтық хореографтармен (Вячеслав Нагов, Анастасия Чеботарева (стандарт), Егор Нагов пен Олесей Семихат (латын) жеке және топтық сабақтарға, шеберлік сыныптарына қатысты.

«Ресейде бұл спорт түрі кеңінен таралған, даму деңгейі өте жоғары. Әрі, ақтаулық бишілердің де ерекше дайындығын атап өтуіміз қажет. Олардың әлеуеті жоғары, сондықтан оларды Волгоградқа 2 апталық жиынға шақырдық. Жиын ағымдағы жылдың тамызда өтеді», — деп атап өтті Е.Нагов.

Бұл наградалардан басқа, үш жұп 3 кубок ұтып алды. Бұл бұқаралық спортта жеке жас санатындағы үздік жұпқа беріледі.

Аталмыш турнир алғаш рет жаңа бағдарламаны пайдаланып, ашық online төрелігі жүйесінде өтті. Іріктеу турларында әр биден кейін залда орналасқан екі экраннан алдын ала қорытындылар шығарылып отырды. Финалда әр биден кейін экранда әр әділқазы қойған баға көрсетілді.

 

АҚТАУ. ҚазАқпарат

 
0
0
267

Осы тақырып бойынша

Ақтаулық жас бишілер Ресейдегі халықаралық турнирде 7 бірінші орынды иеленді - Yvision.kz