«Қостанайлық оқушыларға „Жемқорлық“ сабағы»
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті жастармен кездесулерін жалғастыруда. Бұл жолғы кездесу бір қалалық мектептердің 11 сынып оқушыларымен өтті.
Сыбайлас жемқорлық қоғамға қандай қауіп төндіреді, жемқорлықтың куәсі болған жағдайда азамат өзін қалай ұстау керек, оның алдын алып, болдырмау туралы Қостанай қаласының №3 мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Рүстем Болатов айтып берді. «Жемқорлық» сабағы аздаған лекциядан басталды. Кездесу аясында оқушыларға мемлекеттің негізгі қозғаушы күші жастар екендігі, сондықтан да, оларға маңызды үміт жүктеледі және Қазақстанның болашағы олардың өмірінің осы кезеңінде қандай бағдар алғандарына байланысты екендігі түсіндірілді.
Мысал ретінде оқушылаға жемқорлыққа қарсы бейнеролик ұсынылды. Соның арқасында әрбір оқушы жемқорлық қандай қауіпті салдарға әкеліп соғатынын көруге мүмкіндік алды. Әрі қарай, әрбір оқушы қағаз бетінде қысқаша «Жемқорлық» туралы өз ойын жазды. Аталған сауалнама жастардың ойлары ортақ екендігін көрсетті, яғни жемқорлық қоғамға қолайсыз.
Кездесу соңында әрбір оқушы сөз сойлеп, өз ойымен бөлісіп, ескертулер мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алды. Жастардың көбі конкурс шарттары, мемлекеттік қызметке кіру және өткеру үрдістері туралы сұрақтар қойды. Кейбіреулерін Департамент құрылымы қызықтырса, кейбіреулері жемқорлыққа қарсы қызметтің әсерлілігі туралы сұрады. Жалпы, бұл жерде ойлар бөлініп кетті, себебі көбісі дерлік мамандық таңдап қойған. Талапкерлердің өздері атап өткендей – «Енді, бізідің алдымызда үлкен өмірге есік ашық тұрғанда, жемқорлыққа кезікпесек дейміз, себебі, ол жас әрі талантты жастарға өмірде өзін-өзі дамыту мүмкіндігіне кедергі болуы мүмкін».
Қостанай облысы бойынша ҚРМҚІСЖҚІҚ Агенттігі Департаментінің жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімі
Тел: 8(7142)914-262
