«Мемлекеттік қызметке тең қолжетімділік»

Бүгінгі күні мемлекеттік саясат сласындағы азаматтардың жиі қоятын сұрақтарының қатарында мемлекеттік қызметке өту және кіру үрдісі. Бұл мәселенің көкейтестілігі екі мекеменің бір бүтінге қосқан кезден арта түсті. Жақында ғана, өткен жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл атты жаңа Агенттігі құрылды.Мекемелердің қосылуы қоғамның күрделі реакциясын тудырды, бұндай симбиоз мүмкін бе екен деген сауалдар туындады. Тәжірибе көрсеткендей, Департамент бүгін алдына ең амбициялық мақсаттар қоя отырып, аяғында нық тұр. Сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл саласында күшейген түрде жұмыс істейді, әрдайым мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы саясатты үгіттеп, дәріптеу бойынша іс-шаралар өткізеді. «Кадрларды іріктеу үрдісі өзгерді ме?», «Жұмысқа қабылдау үрдісі қалай өтеді?» деген сұрақтар әлі де көпшілік үшін ашық болып қалады. Мемлекеттік қызметке келуге барлық Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы екендігінен бастайық, және де конкурс өткізу үрдісінде қандай да бір үлкен өзгерістер болған жоқ. Департамент көрсететін мемлекеттік қызметтердің бірі-мемлекеттік қызметкерлер мен «Б» корпусы қызметіне әкімшілік бос орындарға үміткерлерге тестілеу өткізу. Тестілеу өту туралы арызды «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе жергілікті ХҚКО арыздану арқылы жүзеге асырылады. Үміткер бос орындарға байланысты тестілеу күні мен уақытын таңдап, қолхат алады. Кейін үміткер арызында көрсетілген санат бойынша тестілеу өтеді.
«Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметтерге тестілеу үш бағдарламадан тұрады.
Бірінші бағдарлама әкімшілік қызметтердің басқарушы құрамдарының санаттарына арналған. Олар:А-1, С-О-1, Д-1 және тағы басқалары.
Екінші бағдарлама В-5, С-4, С-R-2 және басқа, атап айтқанда, аталған санатқа тестілеуді тапсырған үміткерлер бас маман қызметіне үмітті.
Үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-G-3 және басқалары, бұл аудандық, ауылдық деңгейдің мамандары. Барлық жағдайларда үміткерлер 15 сұраққа жауап береді, алайда заңдардың тізімі мен саны, қажетті өту деңгейі-қызметтің санатына байланысты. Тестілеу нәтежиелері оны өткен күннен бастап бір жыл ішінде жарамды. Қажетті деңгейден өте алмаған үміткерлер қайта тестілеуді үш айдан кейінгі уақытта тапсыра алады. Тестілеуден өткен жағдайда, үміткер бірден құжаттарын конкурс жарияланған мемлекеттік мекемеге тапсырады. Әңгімелесу өтеді, конкурстық комиссияның тиісті қорытындысын алған соң, олар өзінің заңды жаңа мемлекеттік қызметіне кіреді.
2014 жылы Қостанай облысында жалпы тест тапсырғандар саны 3286 азаматты құрады, олардың ішінен тестілеуді өткендер 1366 адам, 41,57% құрады. Қажетті деңгейден төмен баға алған азаматтар арасында өткізілген талдауға сәйкес, үміткерлердің тестілеудің бірінші және екінші бағдарламалары бойынша қажетті дайындалмағандығы туралы қорытынды жасауға болады.
Бүгінде біз үшін әрбір азамат өзін-өзі дамытуға тең құқыққа ие, әділ қазақстандық қоғамның эталоны болу өте маңызды екенін атап өткім келеді. Меритократия ұстанымдарын ұстана отырып, біз мемлекеттік қызметтің ағымдағы позициондық моделінен мансаптық моделіне өтеміз. Біреулер мемлекеттік қызмет толық берілуді, өзін-өзі құрбан етуді қажет етеді дейді, алайда ол соған лайық емес пе? Өзінің халқы мен мемлекетіне қызмет ету барлық кездерде игі іс болды, бар және болып қала береді. Департаменттің басты міндеті тек қана әшкерелеу емес, сонымен қатар талантты мамандарды қолдау болып табылады және адал, кәсіпқой халқына қызмет етуді түсіне отырып таңдау жасаған барлығының мүмкіндігін анықтау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қостанай облысы бойынша ҚРМҚІ СЖҚІҚ Агенттігі Департаментінің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы Әсет Досекенов
