Мазмұнға өту

Жаңа

«Silicium Kazakshtan» ЖШС-нен мемлекет кірісіне 258 млн. теңге мөлшерінде қаражат өндірілді

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының «Silicium Kazakhstan» ЖШС-нен қоршаған ортаның ластануына байланысты келтірілген зиян сомасын 258 850 730 тенге мөлшерінде өндіріп алу талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/silicium-kazakshtan-zhshs-nen-memleket-kirisine-258-mln-tenge-molsherinde-karazhat-ondirildi

0
0
356

Ғаламтордағы бір қызық махаббат қиалы

Ғаламтордағы махаббат «Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз». Үлкен қала, адамдар жұмыстарымен асығуда, жай ғана уақыт өткізуде, әйткенмен тіршілік бар. Әр жақтан күлкі, куаныш, қайғы-мұң, уайым, күнделікті қайталанып жатқан құр күндер. Алмас өзін өрмекшінің торыңда қалып қойғандай сезінеді. Мұның бәрінен оны құтқаратын тек ғаламтор. Белгілі әлеуметтік желі «вконтакте». Үйде, жұмыста кез-келген жерде ұялы телефонды қолыннан түсірмейді. Басқа түктің де керегі жоқ, әлеуметтік желі істеп тұрса болды. Одан басқа бақыт жоқ. Желінің арғы бетінде асыға күтіп Жазира отырады. Ол Алмастың ғаламтордағы «махаббаты». Түсінетің, қолдайтың, ешқашан алдамайтың жан бөлігі. Алмас та Жазира да солай ойлайды. Бұл ғаламтордағы махаббат хикаясы. Қозы Көрпеш пен Баян…

2
0
1693

ҚР Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы (Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы) қарыз туралы келiсiмге қол қою өтті

Жобаның мақсаты - жоғары технологиялық, ел үшін өзекті зерттеулер жүргізуді және технологияларды коммерцияландыруды ынталандыру. Соңғы жылдары ХҚҚДБ халықаралық кредиттік қатынас саласында Қазақстанның белсенді әрптестерінің бірі болып отыр. ХҚҚДБ экономиканың әр алуан секторларында жекеменшік және мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады, сонымен қатар елдің экономикалық диверсификациялау үрдісін ілгерілетуде Қазақстанға жәрдем көрсетеді. ХҚҚДБ-мен қаржыландырылатын жоба өнімдік инновацияларды ілгері жылжытатын, экономиканың өнімділігі мен бәсеке қабілеттілігін ғылыми-өндірістік байланыстарды ынталандыру және технологиялардың инкубациялық циклін дамыту жолымен арттыруға бағытталған. Жобаны аяқтау 2020 жылға жоспарланып отыр. 88 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарыз Қазақстан Р…

0
0
572

Елордалық ІІД Кадр жұмысы басқармасының қызметкерлері қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының барлық колледж түлектерімен кездесті.

Студенттермен сөйлесу барысында ІІД КЖБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Алпысбай Ташмағамбетов құқық органдарына қызметке қабылдау және орналасу шарттары бойынша толық түсіндірме беріп, елордалық ІІД қызметкерлеріне жеңілдіктер қарастырылғанын, ІІО-на үміткерлерге қойылатын талаптар жөнінде айтып берді.         Құқық қорғау органдарының қызметіне қабылдау шарттары жөніндегі сұрақтар мен кеңестерді кез-келген ниет білдіруші мына телефон нөмірлері бойынша ала алады: 71-60-94, 71-60-99.

0
0
326

Сүйінбай өнерін қазіргі ақындарға үлгі ету керек – Б.Байбек

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Алатаудың ақиығы» атты мәдени-танымдық кеште «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қазіргі ақындарды Сүйінбайдың сөз өнеріндегі жетістіктеріне үңілуге шақырды. «Сүйінбай заманында Жетісу топырағында іргелі ақындық мектеп қалыптасып, ол ел руханиятына қуатты серпін берген ақындардың бірнеше буынына бағдар болды. Әйгілі Жамбыл «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп жырлаған бабамыздың өнерін қазіргі ақындарға үлгі ету аса маңызды», - деді ол. Саясаткердің айтуынша, ұлттық мәдениеттің дамуына үлес қосуды саяси Доктринасында ел үшін атқарар қызметінің ажырамас бөлігі ретінде белгілеген партия үшін бүгінгідей шаралар жаңа істерге ынталандырушы қызмет атқарады. «Төл өнеріміз –…

0
0
784

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

ПЕТУНИЯ – АШУ-ЫЗА ДЕГЕН МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ. Петуния (шырайгүл, лат. Petunia) – биіктігі 10 см-ден 1 метрге жуықтайтын көпжылдық өсімдіктердің бірі. Петуния атауы португал тілінен аударғанда «темекі, шылым» дегенді білдіреді. Оңтүстік Американың тропикалық аймақтарынан тарқаған шырайгүлдің табиғи түрлері Бразилия, Боливия, Аргентине және Уругвайда өседі. Бағбандардың өмірінде петуния үлкен рөл атқарады. Қазақстанда үлкен, түрлі-түсті әдемі гүлшанағы бар шырайгүлді қала көшелерін, саябақтарды, үйдің ауласы мен қылтималарды безендіру мақсатында отырғызады. АСТРА – МАХАББАТТЫҢ БЕЛГІСІ, ӨТКЕН КҮНДІ ЕСКЕ АЛУ ДЕГЕН МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ. Астра – әдемі гүлшанақтары бар, сәндік мақсатта өсірілетін дала гүлі. Шамамен 200-ден 500-ге жуық түрі кездеседі. Қазақстанда астраның ақ, қызыл, көкшіл түрлері өс…

0
0
5099

Ақын Исраил Сапарбай «Сенбілік таңда» қонақта

Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің, Қазақстан Жазушылар одағының Iлияс Жансүгіров атындағы сыйлығының, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, көптеген әндер мен ән мәтіндерінің, «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы» секілді пьесалардың авторы, ақын Исраил Сапарбайды қалың қазақ жақсы таниды. Енді ше, «Мен елімді сүйемін! Иә, сүйем! Құлама құз, Құзар шың, Қиясымен.., Жанарымның жасымен жылап аққан, Қаламымның қанымен, сиясымен! Сүйем оның таспа жол, тау-тасын да, Маржанын да теңіздің, малтасын да. Аспандағы Айын да, алқасын да, Дастандағы Қаракөз, Қамқасын да!» – деп жырлаған ақынды білмеу, шығармашылығын құрметтемеу мүмкін емес қой. Өткен аптада «Қазақстан» ұлттық арнасының «Сенбілік таң» бағдарламасы маржан сөзден моншақтай қылып өлең тізіп,…

0
0
867

Қазақстанға Париж қазақтарының «Paris Kazakspor» футболшылары келді

Астанаға Париж қазақтары ойнайтын «Paris Kazakspor» клубының футболшылары келді. Олар еліміздің төрт ірі қаласында қазақстандық футбол командаларымен жолдастық кездесу өткізбек. Бұл шара KAZsport телеарнасының көрермендері мен футболсүйер қауым үшін тамаша жаңалық болады деп сенеміз. 9 маусымда «Paris Kazakspor» футбол клубының 14 ойыншысы Астанадағы Жас батыр спорт кешенінің алаңында ойын өткізді. Ал, 11 маусым күні Қарағанды қаласында «Шахтердің» қосалқы командасымен сайысқа түседі. Сонымен қатар, Франциядан келген қандастарымыз 15 маусымда Шымкент қаласына барып, «Ордабасының» қосалқы командсымен кездеспек. Ал, команданың 18 маусымда Алматыда ойнайтын қарсыласы әлі анықталмаған. 1986 жылы құрылған «Paris Kazakspor» футбол клубының бүгінде Франция футбол федерациясының жетінші лигасында…

0
0
540