Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Ғаламтордағы бір қызық махаббат қиалы

Ғаламтордағы махаббат

«Біз махаббаттың өлімдей күшті екенін білеміз. Есесіне ол әйнек секілді қорғансыз».

Үлкен қала, адамдар жұмыстарымен асығуда, жай ғана уақыт өткізуде, әйткенмен тіршілік бар. Әр жақтан күлкі, куаныш, қайғы-мұң, уайым, күнделікті қайталанып жатқан құр күндер. Алмас өзін өрмекшінің торыңда қалып қойғандай сезінеді. Мұның бәрінен оны құтқаратын тек ғаламтор. Белгілі әлеуметтік желі «вконтакте». Үйде, жұмыста кез-келген жерде ұялы телефонды қолыннан түсірмейді. Басқа түктің де керегі жоқ, әлеуметтік желі істеп тұрса болды.  Одан басқа бақыт жоқ. Желінің арғы бетінде асыға күтіп Жазира отырады. Ол Алмастың ғаламтордағы «махаббаты». Түсінетің, қолдайтың, ешқашан алдамайтың жан бөлігі. Алмас та Жазира да солай ойлайды. Бұл ғаламтордағы махаббат хикаясы. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббатындай емес, қазіргі замаң өзгеше.

Жазира Тұғыл ауылыңда өскен, қарапайым қыз. Үйдін жалғызы, әке-шешесінің еркесі. Қара көзді, қара шашты, ақшырайлы сұлу қыз. Ауылдың жігіттері қызығып қарайды, арасыңда жақсы көретіндері де бар. Жазираны олар қызықтырмайды. Мұнда бәрі таныс, әлдекім туыс я болмаса көрші. «Қаладан ғашығымды табамын» деп айтады өзіне. Бірақ кішкентай Өскеменнен басқа қалаларды көрмеген. Алматыны көрсем гой, деп кейде ауылдаң қашып кеткісі келеді. Бірақ қызықтың бәрі алдыда деп, өзің жұбатады. Алмас болса керісінше Жазираның арманындағы Алматыда тұрады. Бойы ұзын, көзі қоңыр, әдемі сары жігіт. Қыздардың көбісіне ұнайды, бірақ өзі ешкімді ұнатпайды. «Махаббатқа сенбеймін, жалған сезім» деп ойлайды. Тағдыр Жазира мен Алмасқа қызық сыйлық жасайды. Екеуін әлеуметтік желі арқылы бас қосқызу.

Қыстың бірінші айы, Желтоқсан. Алмас әлеуметтік желіде отырған кезінде, сүретіне бір қыз «лайк» басады. Оны байқап, кім екенің көргісі келеді, ол қыздың аты Жазира. Таныс емес жан. Алмас жауап ретінде қыздын сүреті лайк қояды. Біраз отырып «жазған дұрыс болатын шығар» деп, салем деп жазып жібереді. Салемнің артынан танысу, одан ары әнгімелесу, осылай екеуінің хикаясы лайктан басталып кетеді.

Алмас жұмысың, Жазира оқуын ұмытып күнделікті таңға дейін сөйлеседі. Үйден басқа жерлерде ғаламторға ұялы телефоннаң кіріп, уйге келгенде компьютерге асығады. Жігіттің Алматы туралы әңгімесін, Жазира қызығып оқып отырады. Күннен күнге өмірді жанадаң танып жатқандай. Қызда айтатың көп қызық жоқ, откен күнін ғана баяндап береді. Алмасқа сондай ұсақ әнгімелерде қызық. Достық қана сезім басында. «Сөйлесетін адам бар, уақыт өткізу тәсілі» деп, екеуі екі жақтан ойлап жүреді. Бірақ уақыт тез өтеді, екеуі бір-бірін асығып күтетін уақытқа жетеді.  Сезімдері ашылғандай, ғашықтық күйі сезіледі. Достық сезім емес, бұл енді махаббат. Арасы қанша шақырым болсада, екі бөлек жерде болсада, сөйлесуін тоқтатпайды. Сөйлескен сайың бір-біріне деген сезімі, сенімі де артады. Мұндай махаббат қанша уақытқа созылатыны оларға қызық емес. Өмір өтіп жатыр зырғып ағып, «қызықсыз күндерді ғаламтордың арғы бетінде отырған жан, өміріне түрлі түсті бояулар береді, сенің екінші бөлігің емеспа» деп, Алмас өзіне үміт қалдырады. Күндер аптаға айналады, апталар айға, уақыт өте береді. Алмас пен Жазира шын махаббатқа бөленеді. Түсініспеушілік, ұрыс-керіс болған емес, бірін-бірі жақсы түсінетің, кемшіліксіз тамаша жұп.

Көктем келед, қар еріп, күн жылып барады. Жазира да Алмас та қатты кездескісі келеді. Алмас жұмысын тастап қыздың ауылына бара алмайды, Жазираны болса ата-анасы өзін жалғыз жібермейді. «Жазда мен Алматыға баратын шығармын» деп, Жазира Алмасты қуантып қояды. Жазға дейін әлі бір мезгіл бар. Сол уақыт арасында көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Осылай бірінші ұрыс та басталады. Жазираның ойына сенбеушілік келеді, уайымдаумен күндері өтеді. «Алмас үлкен қалада ғой, мүмкін өз қаласында біреуді ұнатып қалған шығар, мүмкін басқа біреулермен сөйлесіп жүрген шығар» деген ойлар ұйықтардын алдында мазалайды.  Шыдамсыз, сенімсіз күнде ұрыс, уайым. Таңысқаннаң бері өткені сол бір ғана мезгіл. Осы уақыт ішінде достық және махаббат сезімдері болды. «Мен Жазираны шын ұнаатамын ба?, Мүмкін ол жай ғана уақыт өткізу үшін сөйлескені ма?» деп, Алмасты да ойлары мазалайды.

Жаздын да мезгілі келді. Жазира айтқандай Алматығы баратын болды. Қуанышын Алмасқа жазып айтады. Алмас қатты қуанады, «ғашығымды көретін болдым, жұмыстың бәрін қою керек», деген оймен Жазираның келгенін күтеді. Бұл қалада қыздың туыстары бар, солардың үйіне қонақ болып барады. Кездесетін уақыт келген шығар. Бірақ Жазираның Алматығы келгенімен мұндада қиыншылықтар күтіп тұр. «Қаланы білмейсін ғой, адасып кетесін, өзің ешкайда бармайсын, өзіміз қыдыртамыз» деген сөздермен туыстарды Жазираны жібермейді. «Достарым бар, солармен көрісіп қайтамын, ұзыққа кетпеймін» десе де ешқайда шығармайды. Алмас та Жазира да көңілсіз. Кездесуге бірақ қадам, алдыда үлкен кедергі.

Махаббаттың сезімі күшті, кез-келген қиындықтан шығуға болады. Алмастың басына бір ой келеді, соны Жазираға айтады. «Бес минутқа болсада сені көргім келеді, дүкенге шығым келем десен, жіберер», деген сөзімен кездесудін бір амалын табады. Алмас өзінің жақсы киімдерін киіп, сыйлығын алып, қуана Жазираға қарай ұмтылады. Қыз күтуде. Алмас айтқандай әпкесіне, дүкенге барып келемін деп сұраным шығады. Жігітте келіп қалды. Екеуі бір-бірін бірінші рет көруде. Қыстан бері армандаған, күн сайын елестеткен бірінші кездесуі. Жазира қуанышына сене алмай Алмастың құшағына секірді. Екеуі ұзақ құшақтасып тұрды. «Шынайы өмірде, күмәнсіз, менін елесімдегідей, бұл әлемдегі ең сұлу жаны сенсін Жазира» деп Алмас Жазираның қолына сыйлығын сыйлайды. Екеуінің уақыты бір сағатқа ғана созылады. Бірақ Алмастын да Жазираның өміріндегі ұмытылмас уақыт болды.

Әр адамның жүрегінде, жанында қалатың, тек өздерінің кішкентай ғана махаббат хикаясы бар. Махаббат сезімі расында да өлімнен де күшті.

 

2
0
1675

Осы тақырып бойынша

Ғаламтордағы бір қызық махаббат қиалы - Yvision.kz