Жастар тілі — сленг
Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз. (Ахмет Байтұрсынұлы) Қазіргі уақытта тіл туралы ой қозғамаған адамда қалмаған шығар. Қариялар, үлкен ағамыздардаң бастап, мен сияқты жас студенттерге дейін, тіл мәселесін күнделікті көтеруде. Демек, бұл үлкен мәселе. Қазақ тілі өте бай тіл деп, көп айтып жатамыз.…