Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ақын Исраил Сапарбай «Сенбілік таңда» қонақта

Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің, Қазақстан Жазушылар одағының Iлияс Жансүгіров атындағы сыйлығының, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, көптеген әндер мен ән мәтіндерінің, «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы» секілді пьесалардың авторы, ақын Исраил Сапарбайды қалың қазақ жақсы таниды.

Енді ше,

«Мен елімді сүйемін!

Иә, сүйем!

Құлама құз,

Құзар шың,

Қиясымен..,

Жанарымның жасымен жылап аққан,

Қаламымның қанымен, сиясымен!

Сүйем оның таспа жол, тау-тасын да,

Маржанын да теңіздің, малтасын да.

Аспандағы Айын да, алқасын да,

Дастандағы Қаракөз, Қамқасын да!» – деп жырлаған ақынды білмеу, шығармашылығын құрметтемеу мүмкін емес қой.

Өткен аптада «Қазақстан» ұлттық арнасының «Сенбілік таң» бағдарламасы маржан сөзден моншақтай қылып өлең тізіп, саздың бабын келтіріп, қазақ драматургиясының дамуына ерен еңбек сіңірген Исраил Сапарбайдың отбасымен сұхбаттасып қайтқан болатын. «Мерейлі мейман» айдары ұсынған бағдарламаның бұл бөлімінде әдемі әңгіме өрілді.

Ақынның отбасымен болған тамаша сұхбатты мына сілтемеге өтіп, көре аласыздар.

«Сенбілік таң» бағдарламасының мақсаты көрермендердің қызықты мәліметтерге қанығып, демалыс күнін сәтті бастауына жол ашу екенін еске саламыз.

Бағдарламада әлемдегі қызықты оқиғалар, шоу-бизнестегі жаңалықтар, республиканың шалғай өңірлеріндегі тың деректер және пайдалы кеңестер айтылады.

Сондай-ақ, таңғы бағдарлама қонағы демалыс күнін қалай қызықты өткізу керектігі туралы ой бөліседі.

Көңіл көкжиегіңізді кеңейтіп, демалыстың тамаша басталуына үлес қосатын «Сенбілік таңды» әр сенбі сайын 08:30-да көріңіздер.

0
0
856

Осы тақырып бойынша

Ақын Исраил Сапарбай «Сенбілік таңда» қонақта - Yvision.kz