«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 5 күн
5-ші күн (05.06.2015): Поездбен осы таңда қазақ мысы мен ғарыш саласының орталығына- Жезқазған қаласына келдік. Бізді вокзалда 2 автобус күтіп тұрды. Олар біздің топты айналасын жасыл желек көмкерген “Kengir” қонақ үйіне жеткізді. Орналасып, кеш таңғы ас ішкен соң, автобус бізді Жезқазған қаласын танып- білу үшін әртүрлі маңызды орындарға жеткізді. Алғашқы аялдама- Жезқазған кен байыту фабрикасы. Бұл жерде шахтадан әкелінген мыс рудалары ұнтақталып, су және басқа да препараттар, қышқылдар қосылады екен. Мұндағы барлық дерлік техника механикалық принципке бағына жұмыс жасайды. Зауыт қызметкерлері, ең алдымен, бізге қауіпсіздік техникасы туралы презентация көрсетіп, зауыттың қауіпсіздік ережелерімен толықтай таныстырып шықты да, арнайы киімдер берді. Күртеше мен касканы киіп зауытты аралауғ…

