Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 3 күн

3-ші күн (03.06.2015):

Күн керемет басталды. Әрине, Жосалының таза ауасы, сұлу табиғаты бұған кепіл.Таңғы астан соң, бәріміз автобусқа отырып Қарқаралыға аттандық. 2 сағат жол әбден қажытса да, ойындар ойнап, өлеңдер айтып уақытты жақсы өткізуге тырыстық. Бір бірімізге әртүрлі әңгімелер айттық. Соның бірі Қарқаралы сөзінің шығу тарихы туралы. Аңызда бұл есімді қарқара деген әйел бас киімімен байланыстырады екен.

Қаладағы алғашқы аялдама қасиетті орын мешіт болатын. Құнанбай қажы мешіті 1851жылы салынған. Таңғаларлығы, мешіт құрылысында бірде бір шеге  қолданылмаған. Тіпті, сол кезден қалған төбедегі тақтай бөліктері әлі де сақталған. Имам бұл жерде әртүрлі оқиғалар болғанын айтты. Соның бірі мешіттің мұнарасындағы ай туралы: Орыстандыру саясаты кезінде шолақ белсенділердің бірі осы мешіт мұнарасындағы айды құлатпақ болыпты. Сол кезде әлгә адам аймен бірге құлап кетіпті. Және де дәл сол жерде жан тапсыр,ан екен. Тағы бір қызығы, ол құлағанда бүріскен қалпы жерленіпті, себебі, денесін жазу мүмкін болмаған. Әңгіме мешіттің қасиетті орын екендігін тағы бір рет дәлелдеп берді. Имам бізге ізгі тілегін айтып, құран оқыды. Мешіттен басқа қалада ұлы ақынымыз Абайдаң балалық шағында тоқтаған үйі бар екен. Қазір ол- музыкалық мектеп. Қаланы автобуспен аралып, Қарқаралы тарихи- өлкетану мұражайына келдік.Мұнда осы өңірден табылған алғашқы адамдар қолданған бұйымдар, қарулар мен әшекейлер сақтаулы.Сонымен бірге, дауыопаз ақын Қасым Аманжоловқа арналған бөлімді тамашалауға болады. Қарқаралының тарихы, Қарқаралыдан шыққан майдангерлерге арналған бөлімдер де бар екен. Ендігі жерде экспедициямыздың ерекше тұсы басталады. Бұл Қарқаралыдағы биіктігі 1200 метр болатын шыңға шығу еді. Біз осынша биіктікке көтерілу үшін 7 км жаяу жүрдік. Мемлекет қорғауындағы мекенге тек жаяу жүруге рұқсат етілген. Тауға көтерілгенде қарағайлар мен аққайыңдар орманын кезіктірдік. Жалпы, қарағай қойнауында граниті мол жерде өссе, аққайың кварцқа толы жерде өседі. Бұл Қарқаралы жерінің гранит пен кварцқа бай екендігін дәлелдейді. Ауа- райы өте қолайлы болғанымен, ұзай жолдан бәрібірде шаршап, терлеп кеттік. Оның үстіне масалар өте- мөте көп екен. Атырауда да маса көп, алайда, бұл жердегі маса ірілеу келеді екен. Қанша шаршасақ та сұлу табиғат, саф ауа бізді қанаттандырып, жігерлендіріп отырды. Сөйтіп 4-5 сағатта шыңға көтерілдік. Тау төбесінде алып тастар көп екен, және олардық арасында кішігірім көл орналасқан. Оны осы жерде болған таңғаларлық оқиғаларға байланысты Шайтанкөл деп атапты. “Бұдан бұрын Әулиекөл деген атауды иеленген көлдің тереңдігін біліп-болжау мүмкін емес” дейді бізді ертіп жүрген экскурсовод. Әрине, тау шыңында орналасқан ғо”, бәлкім, түбі тау етегінде шығар, кім білсін?! Бұл менің алғаш тауға шығуым емес, алайда, бұл сапар маған ерекше әсерлі болды. Қарқаралы жерінің көз тоймас сұлулығы, тамаша көңіл-күй мен жақсы әріптестер тұрғанда алынбас асу бар ма? Көлге еңкейіп қолымызды жуғанда “Біссімілла” деп айттық. Айтпақшы, Шайтанкөлге қатысты көптеген аңыздар бар екен. Ал Тоқтар Әубәкіровтың осы қасиетті сөзді айтпай қол жуғанының кесірінен денесіне қотыр шығып кеткені өмірде болған оқиға. Осы бір аурудың Шайтанкөлдің ызасы екенін түсінген ол тікұшақпен ұшып келіп, өткенде жіберген қателігін түзетіп, ауруынан айығып кетіпті. Оны бізге экскурсовод айтты. Көл маңында тамақтанып, дем алып алған соң қайта түстік. Әрине, түскеніміз көп уақыт алған жоқ. Содан кейін, Қарқаралы табиғи-өлкетану мұражайына жол тарттық. Мұнда осы өңірдің флорасы мен фаунасы туралы толық мәлімет ала аламыз. Осы мұражаймен бүінгі экспедициямыз соңына жетті.

Осы күн көңлімізге үлкен әсер қалдырды. Әсіресе, шыңға шығу өмір бойы ұмытылмас оқиға болды деп ойлаймын. Әртүрлі аңыз- әңгімелер естіп, қасиетті мекендерді аралап, білімімізді арттырдық.Қарқаралының сұлулығына тәнті болып, Қарағанды НЗМ- ге оралдық.

 
0
0
802

Осы тақырып бойынша

«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 3 күн - Yvision.kz