Орал қаласындағы «Туған елге тағзым» экспедициясының жетінші күні
Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Ақжайықтың өмірімен танысу үшін алдымен Ақжайықтың өмірімен танысу қажет деген мақсатпен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияға жол тарттық. Филармония Карев үйінің 3 қабатында орналасқан. Үй 1990 ж. салынған. Мұнда әртүрлі уақытта С.Сейфуллин, Т.Жароков, А.Толстой, М.Шолохов және т.б. болған. 1966 жылы құрылған облыстық филармония құрамында Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» халық би ансамблі, «Классика» камералық ансамблі, «Орда» аспапты триосы, вокальды-аспапты ансамбль сынды алты бірдей үлкенді-кішілі шығармашылық ұжым, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қанатқали Қожақов, Жұмағаным Рахимо…