«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 7 күн
7-ші күн (07.06.2015): Таң Қарағанды төрінде, нұр мен шапағатқа бөлене атты. Вокзалдан бұрынғы автобус күтіп алып, мектепке жеткізді. Тамақтанып, азғана тыныққан соң, экспедиция жалғасын тапты. Бұл, әрине, соңғы күн. Осыған дейін танысып, дос болып, бауыр басып қалған құрдастарымызды соңғы рет көріп қалуға, соңғы рет олармен бірге экспедицияға баруға мүмкіндік туды. Сондықтан, барлығымыз бүгінгі сапар ұмытылмастай болатынына толық сенімді болдық. Алдымен, Қарағанды политехникалық колледждің оқу шахтасына түстік. Бұл шахта КСРО кезінде жұмыс жасап, кейінірек тоқтап қалыпты. Мұнда шахтер жұмысына керекті техникалардың барлығы бар екен. Байқағанымыз, бұл шахта Жезқазғандағы шахтадан біраз ерекшеленеді екен. Осы колледж мұғалімдері бізді аралатып, техникалармен таныстырды. Көмір шахтасын бірі…